Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Инвесторларды 2021 жылы не күтіп тұр?

2021 жылы әлем экономикасы дамыған елдердің орталық банктерінің жұмсақ монетарлық саясаты арқасында қалпына келе бастайды. Нарықтарды қозғайтын басты күш - дамыған елдердің орталық банктерінің жұмсақ монетарлық саясаты болып қала бермек. Қазіргі таңда пайыздық мөлшер әлемде өте төмен болып отыр, және осы саясат алдағы 2-3 жылда өзгеріссіз болады. Бұл өз кезегінде нарықтағы активтердің бағасын одан әрі қымбаттата түседі.

2021 жылы әлем экономикасы дамыған елдердің орталық банктерінің жұмсақ монетарлық саясаты арқасында қалпына келе бастайды. Нарықтарды қозғайтын басты күш - дамыған елдердің орталық банктерінің жұмсақ монетарлық саясаты болып қала бермек. Қазіргі таңда пайыздық мөлшер әлемде төмен деңгейде, және осы саясат алдағы 2-3 жылда өзгеріссіз болады. Бұл өз кезегінде нарықтағы активтердің бағасын одан әрі қымбаттата түседі.

Ресей нарығы АҚШ пен оның одақтастарының сыртқы саясатына тәуелді болады. Ресейдің әскері Ливия, Сирияда және кейнгі кезде таулы Қарабақта орналасуы әрине батыс елдерінің мүддесіне қайшы. АҚШта билікке демократтардың келуі Ресейге қарсы экономикалық санкция салынуына себепші болуы мүмкін. Сондықтан Ресей нарығы инвесторлар үшін тәуекелді болады деген пікір бар.

Қытай экономикасының өсуі жалғасады. АҚШ пен Қытай арасында сауда қақтығысы өз маңыздылығын жоғалтпайды, бірақ АҚШтың жаңа президенті бұл тақырыпта жұмсақтау болады. Екі елдің арасында күн мәселесіне Қытай тарапынан орын алып отырған өндірістік шпионаж қойылады. Инвесторларға осы орайда Қытай нарығына технологиялық компанияларына инвестиция жасағанда абай болғаны дұрыс. Жалпы менің ойымша Қытай нарығына инвестиция салғанда портфельдің тек 10-15 пайызын ғана арнаған жөн.

Инфляция қыруар ақша эмиссиясына қарамастан дамыған елдерде шектен шыға қоймайды. Оның басты себебі қаржының шынайы экономикаға емес қор нарығына құйылуында. Осы орайда АҚШ және басқа дамыған елдер нарығының құлдырауын күтпегеніміз жөн. Қор нарығындағы қыруар қаржы акциялар бағасын одан әрі өсіреді және жылжымайтын мүлік бағасын қымбаттата түседі деп күтілуде.

Мұнай бағасы барелі 40-50 арасында болады. Оның бағасының өсуінің тежелуіне әлемде мұнай өндірісінің ұлғайуы және ОПЕК+ саясаты әсер етеді (ұйым мүшелері арасында мүдделер қайшылығы бар екенін кейінгі кезде көріп отырмыз). Осы орайда қалыпты мұнай бағасы Қазақстан экономикасында болуы мүмкін дағдарыстың ықтималдылығын азайтады. Жалпы Қазақстан экономикасы келесі жылы өсуі күтіледі. Инфляция тұрақтала бастайды және теңге курсы құлдырай қоймайды. Дегенмен инвестор мұнай бағасымен қатар Ресей экономикасындағы тәуекелділіктерді де есте ұстағаны жөн (батыс елдері кез келген сәтте Ресей экономикасына қарсы санкциялар салуы мүмкін), себебі теңге курсы рубльге өте тәуелді, Ресеймен сыртқы сауда Қазақстан үшін өте маңызды (Ресей мен арадағы сауда дефициті жылына 7 млрд доллардан асып түседі). Осы орайда Қазақстан үшін арзан рубль өте тиімсіз, рубль тез құнсызданған жағдайда Ұлыттық банк рубль мен теңге бағамын 5,5-6 рубль жобасында ұстайды.

Қазақстан ұлттық банкі келесі жылы инфляция тұрақталған жағдайда пайыздық ставканы төмендетуі мүмкін. Инвесторға екінші деңгейдегі банктердің бірінен жылдық пайызы жоғары депозит ашып қойғаны дұрыс, себебі келесі жылы пайыздар төмендеуі мүмкін (қазір жылына 14 пайыздық депозит ашу мүмкіндігі бар).

Әлемде азық түлік бағасы қымбаттауы одан әрі жалғасады. Оның басты себебі - экономикасы дағдарыстан шыға бастаған дамушы елдер тарабынан өсетін сұраныс және орталық банктердің ультра жұмсақ монетарлық саясаты. Осы орайда инвесторлар үшін азық-түлікке инвестиция жасайтын ETF жақсы идея болып табылады.

Өндірістік металлдар бағасы Европа мен Қытай экономикасының қаншалықты тез қалпына келуіне байланысты болады. Эконмикалық мәселелер шешіліп, экономикалық дамудың жалғасуы тоқтамаған жағдайда өндірістік металл бағалары өседі.

Нарықтағы құбылмалық (волатильность) өседі, осы орайда инвесторларға абай болғаны дұрыс. (Жалпы өз ойым нарықта 10-15 пайыздық коррекция болған жағдайда инвестициялық портфельді толықтырып отыру қажет. Нарықтың тым құлдырауын алдағы 12 айда күтпеймін. Инвестордың ең жақын досы диверсификация екенін ұмытпағанымыз жөн).

Алтын бағасы орталық банктердің саясатына тікелей тәуелді болады. Алтын бағасы монетралық саясат өзгермесе өсуін жалғастырады. Оның бағасының өсуінің тежелуі немесе төмендеуіне монетарлық саясаттың қатаң режимге көшуімен байланысты болады (режимнің өзгеруі инфляция деңгейіне тікелей байланысты, ал инфляция болса алдағы жылдары төмен болады деп күтіледі).

АҚШ нарығында технологиялық сектордың коррекциясы орын алуы мүмкін. Оның себептері көп, біріншісі бағаның тым жоғарылығы, екіншіден АҚШтың антимонополиялық саясаты (Facebook, Google ге қарсы антимонополиялық талаптардың басталғанын көріп отырмыз, естеріңізде болса Microsoft компаниясы антимонополиялық саясаттың әсерінен бірнеше бизнес бағыттарынан айрылғанын білеміз), үшіншіден салықтың өсу туекелділігі. Сондықтан инвесторлардың технологиялық сектордан абай болғаны жөн. Жалпы инвестордың бірінші "досы" - диверсификация екенін естен шығармаңыз.

Жалпы АҚШта билікке келген демократтар корпоративті салықты өсуруі мүмкін. Салық өскен жағдайда қор нарығында коррекция орын алады. Дегенмен АҚШ азаматтарының әл-ауқаты қор нарығына тікелей байланысты, оның басты себебі зейнетақы қорларының нарыққа тәуелділігінде. Сондықтан билік нарықтың тұрақты болуына мүдделі, яғни нарық тым құлдырай қоймайды деп болжанады. Дегенмен де салық факторын инвестор естен шығармағаны дұрыс.

IPO нарығы келесі жылы да жоғары көрсеткішке ие болады деп күтіледі, оның басты себебі -нарыққа құйылып жатқан қыруар қаражат.

Қаржылық сауатты арттырам, инвестиция әлемімен танысам десеңіз www.investor.org.kz сайтына шақырамыз.

0
0
288

Осы тақырып бойынша

Инвесторларды 2021 жылы не күтіп тұр? - Yvision.kz