Жаңа
"ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған кандидатқа сұрақ қой" акциясы өтті
"ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған кандидатқа сұрақ қой" іс-шарасына «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған кандидат Хайрулла Қожабаев қатысты. Әлеуметтік желілер арқылы онлайн өткен іс-шарада Хайрулла Бәйділдәұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Қалыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Мұрат Садуов, Насиба Атаева, Данияр Юнусалиев, Марина Лимаренко, Жанат Тоғайбекова әлеуметтік желілер арқылы сайлаушылармен кездесті.
Онлайн өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Кәріз жүйелері бойынша мәселелер талқыланды
"Nur Otan" партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Қалыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Мұрат Садуов, Насиба Атаева, Данияр Юнусалиев, Марина Лимаренко, Жанат Тоғайбекова ZOOM платформасы арқылы арқылы Кентау қаласының кәріз жүйелері бойынша мәселелерді қарап, тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді.
Барша Қазақстандықтарды 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

"Есіктен есікке" акциясы
Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Кәрім Манарбек Әзімбекұлы "Есіктен есікке" акциясын өткізді. ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀⠀
⠀ ⠀ Үгіт материалдарын таратып, тұрғындарды алдағы сайлауға белсенді қатысуға және "Nur Otan"партиясына өз дауыстарын беруге шақырды.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021
ПБК мүшесі Алешкова Татьяна Викторовна Ақтас кентіндегі дүкендерінде рейд жүргізді.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Алешкова Татьяна Викторовна Ақтас кентіндегі дүкендерінде азық-түлік тауарларының болуы және уақтылы түсуі және рұқсат етілген баға диапазонынан асып кетуі үшін рейд жүргізді. Негізінен бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тексерді.Рейд барысында тауарлардың шекті бағалары сақталатыны, рұқсат етілген деңгей шегінде асыра бағалау бар екені анықталды. Рейд қорытындысы бойынша елеулі бұзушылықтар анықталған жоқ. Партиялық бақылау комиссиясы баға мониторингін тұрақты түрде жүргізетін болады.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер
Аудандық сайлауалды қоғамдық штаб мүшесі, аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткер кандидат М.Абильдина сайлаушылармен кездесу өткізіп, үгіт жұмыстарын жүргізуде.
Әр елдімекенге әзірленген бағдарламамен танысты
Облыстық штаб мүшелері бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өңірге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.Жалпы партия биылғы жылы өзгерген форматта жұмыс жасауда. Соның бірі Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізілді. Одан қалса сайлау науқаны алдындағы үгіт-насихат жұмыстары халықпен кері байланыс, ашық диалог, тікелей эфир, онлайн, офлайн кездесулер, тұрғындарды еш жерге жинамай-ақ, шаңырақтарына барып талап-тілектерін тыңдау, ұсыныстарын жазып алу секілді іс-шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, партияішілік сайлау кезінде еліміз бойынша азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Талдауға назар аударар болсақ, қарапайым халықтың талап-тілекте…