Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді
«Nur Otan» партиясы атынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Сержан Байсбаев, Гүлдариха Жұмагелдиева, Арай Сауранбекова, Қанат Бекметов, Арман Шалданбаев, Нұрсұлтан Абдуллаев Үшқайық ауылының тұрғындарымен кездесті. Үшқайық дүкеніне келушілермен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
