Партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков тікелей эфир арқылы тұрғындармен кездесті. Онлайн өткен басқосуда Сағынбек Жақсыбекұлы партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, жоспарлармен таныстырды.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
