«Nur Otan» партиясы жанынан 11 желтоқсаннан бастап 225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды
11 желтоқсаннан бастап еліміз бойынша «Nur Otan» партиясы республикалық және өңірлік сайлауалды штабтарының жанынан 225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.«Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген адамдары азаматтарды қабылдайды. Қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі. Жалпы, үгіт-насихат кезеңінде 9 мыңға жуық азаматты қабылдау жоспарланып отыр.Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық қабылдаулар – партияның тұрғындармен кері байланысының және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі.Осы жылдың 11 айында «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 385 мың өтініш келіп түсті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.Сонымен қатар, соңғы 5 жылда қоғамдық қабылдауларға шамамен 1,2 млн адам…