#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар
Шағалалы Шардара ауданының тұрғындары еңбекқор, іскер және өте қонақжай екенін бұрыннан білетінмін. Бүгін оған тағы көз жеткізіп отырмын. Төрт қақпалы өңірге арнайы ат басын бұрғанымның себебі "Nur Otan" партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер ретінде тұрғындармен кездесіп, халықтың ахуалымен танысып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болатын.
Экспромт-кездесу шарасы аясында аудан орталығындағы "Жәния" сауда үйінде тұрғындармен, тұтынушылармен және кәсіпкерлермен жолығып, сұқбаттастым. Жүздесу барысында партия бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өттім. Сонымен бірге партия атынан парақшалар таратып, оларды ертеңгі күні сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырдым.
