Мазмұнға өту

Жаңа

"Есіктен есікке" акциясы аясында

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен "Есіктен есікке" акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер: Д.Айтбаев, К.Умирбеков, Д.Ештаева, А.Омаров, Е.Жабаев, А.Шырынбек және А.Жандарова Қасқасу  ауылдық округіндегі елді мекендерді аралады. Онда жекелген отбасы мүшелерімен кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Олар коронавирус пандемиясы кезінде үкіметіміз бен еліміздің жетекші партиясы халықпен бірге болып, әлеуметтік қолдаулардың барлық түрін көрсеткенін айтып, шексіз риза екендерін жеткізді.

"Nur Otan" партиясын  біз де қолдаймыз дейді ақ жаулықты аналар.

2
0
178

"Есіктен-есікке" акциясы

Штаб басшысы С.Жолдасова штаб құрамымен бірге үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндірдіру жұмыстарын жүргізді. «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

Ақшұқыр ауылының тұрғындары тарапынан сайлау туралы сұрақтар келіп түсті. Бұл іс-шара ел халқын партияның елімізді өркендету жолында жоспарлаған жұмыстарымен таныстырып, толық ақпараттандырады.

0
0
170

ҚР Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер халықпен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ ПАРТИЯ

15 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев, Сәбира Сүндетова ауданымыздың Казталов, Жалпақтал, Тереңкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуді «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында әр үміткер партияның Казталов аудандық филиалының алдағы бес жылдыққа арналған бағдарламасын негізге ала отырып өзідерінің сайлауалды бағдарламаларында көрсетілген бағыттары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар үміткерлер тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып, айтылған кейбір мәселелердің шешу жолдарын да атап өтті. Жиын барысында үміткерлер халықты партияны қолдауға шақырды.

Үміткерлердің тұрғындармен кездесуі санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
244

«Есіктен есікке» акциясы

Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп келеді.

Осы орайда бүгін партияның сенімді өкілдері «Есіктен есікке» акциясы аясында  тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Халықтың мәселесін шешу жолында ұсыныстар қабылдап, әрекет етуге дайынбыз.

0
0
141

Қордай аудандық мәслихатына кандидаттар Қарлығаш Қыпшақбаева, Нурдин Садыков...

Қордай аудандық мәслихатына кандидаттар Қарлығаш Қыпшақбаева, Нурдин Садыков, Саламат Көпешовтар Отар ауылдық округіндегі Отар ауылдық клубында №24 жол-пайдалану учаскесі мекемесі қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті. Гвардейск гарнизонындағы жолдарда қызмет көрсететін «ҚР Қорғаныс министрлігінің №24 жол-пайдалану учаскесі» мемлекеттік мекемесінде бүгінде 102 қызметкер жұмыс істейді. Кездесуге келген кандидаттар алдымен партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ кездесуде 7 басымдықты қамтыған ауданды кешенді дамытуға бағытталған партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы да жан-жақты насихатталды. Партиялық тізімге енген үміткер Қарлығаш Қыпшақбаева қатысушылар назарын  партияның сайлауалды бағдарламасының өзекті деген бағыттарына  аударды. Қазақстандық қоғам үшін  экономикалық тұрақты және жайлы, әлеуметтік бағдарланған ауданды құрудың, жастарға жағдай жасап, барынша қолдау көрсетудің, тарих пен мәдениетті дамытудың маңыздылығын  атап өтті.

– Біздің міндетіміз  –  жас ұрпаққа  ата-бабаларымыздан бері сақталып келе жатқан рухани құндылықтарымызды, ұлттық салт-дәс­тү­рімізді аманат  етіп қалдыру,  еліміздегі  бейбіт өмір мен  тұрақтылықты, бірлік пен ынтымақты  сақтап қалуға күш салу, ата бабаларымыз арман еткен тәуелсіздігімізді баянды ету, - деді кандидат Қарлығаш Қанатбекқызы кездесуде.

Бағдарламада Отар ауылдық округі тұрғындарының алдағы уақытта бірқатар ауқымды мәселелері шешімін таппақ. Аудандағы жолдардың жоғары сапасы азаматтардың өмір сүру жайлылығын арттырудағы басымдықтардың бірі болып табылса, бағдарламада 2025 жылға дейін аудандық маңызы бар 104,6 шқ жолды жөндеу жоспарланған. Соның ішінде 2024-2025 жылдары «Отар-Гвардейск»; «Отар-Аңырақай-Бел» жолдары жөндеуден өтеді. Отардың білім беру мекемелері де партия назарынан тыс қалмаған. Оның бір дәлелі - 2021 жылы Отар ауылындағы №41 К.Әзірбаев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысының бағдарламаға енуі болып табылады.

17
0
380

«Есіктен есікке» акциясы

Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп келеді.»

Осы орайда бүгін партияның сенімді өкілдері «Есіктен есікке» акциясы аясында  тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Халықтың мәселесін шешу жолында ұсыныстар қабылдап, әрекет етуге дайынбыз.

0
0
155

"Өзенмұнайгаз" АҚ жұмысшыларымен кездесу

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Болат Бекжанов пен Рзабек Сарманов және қалалық сайлауалды штаб мүшесі Жеңісбек Сүлейменов "Өзенмұнайгаз" АҚ-на қарасты "ТрубРемЦентр" ЖШС-нде болып, құбыр цехының жұмысшыларын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Алдымен 2020 жыл әлем халқы үшін үлкен сынақ болғаны айтылып, көптеген мәселелерге жекелей қарауға әрі адамның өмірі мен денсаулығы – мемлекет үшін маңызды екенін тағы бір мәрте аңғарумызға септігі тигенін жеткізді. Карантин шараларына қарамастан партия жұмыс жасауын тоқтатқан емес. Елбасы тапсырмасымен республика көлемінде "Birgemiz" акциясы жүргізіліп, нәтижесінде облыс бойынша әлеуметтік әлсіз топқа жататын 7 санаттағы 28 304 адамға қаржылай көмек көрсетілді. Одан бөлек жеке кәсіпкерлер, ерікті тұрғындардың көмегімен 10 мыңдай отбасыға азық-түлік салынған себеттер үлестірілді. Ел басына қиын-қыстау кезең туғанда халықпен бірге болған партия алдағы уақытта да мемлекетіміздің дамуы жолында бірге болуды нақты мақсат етіп қойып отыр. Осы орайда жиынға қатысушыларды партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдауға шақырды.

Жиында сонымен қатар "Nur Otan" партиясының Жаңаөзен қаласын дамытудың 7 басым бағыты таныстырылды. Құжатта қаладағы жұмыссыздық мәселесі басты назарға алынып, қала халқы жұмыспен қамтылуы үшін жаңа жұмыс орындарын құру, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау көзделуде. Кен өндіру өнеркәсібін одан әрі дамыта отырып, өңдеу өнеркәсібіне, көлік пен логистикаға, агроөнеркәсіптік кешен мен туризмді дамытуға басымдық берілмек. Партия Жаңаөзен қаласының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүзеге асырылатын жобалардың іске асуына ықпал жасап, соның ішінде мұнай қалдығынан мазут топырағын тазалау жобасын, жаңа газ өңдеу зауытын салу, арматура цехын құру, шиналарды қайта өңдеу цехын құруды қамтамасыз етеді.

Сайлауалды бағдарламада бұдан бөлек қаланы дамытуға арналған басқа да салалар бойынша негізге алынған жұмыстар баяндалып, қатысушылардың пікірлері, сауалдары тыңдалды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкері Нұржан Жоламанов Шоғы батыр даңғылындағы жарық мәселесі мен "Мерей" және "Жұлдыз" шағынауданында ғаламтор жылдамдығы нашар екенін жеткізді. Дариға Ұзақбаева "Ақсу" шағынауданы 8-9 көшелерге қойылған қоқыс жәшіктері уақытылы жиналмайтынын айтса, Асқар Маханов "Өркен" шағынауданда ғаламтор желісінің жылдамдығы нашар екені туралы, ал Гүлмира Тілепова "Бостандық" шағынауданында суағарларды реттеу, ойын алаңшаларын жандандыру, тротуар салу ұсыныстарын айтты. Аталған мәселелер бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар сұрақтарды тиісті мекемелерге жеткізіп, хат жіберіп, бақылауға алатындарын мәлім етті.

0
0
181

"Есіктен есікке" акциясы

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік құрметті ағайын!

0
0
169

Сандықтау аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесі

Сандықтау  ауданының «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдауына азаматтарды қабылдау «Nur Otan» партиясының тізіміне кірген үміткерлер, сонымен қатар 2020 жылдың 11 желтоқсанынан 2021 жылдың 8 қаңтарына дейін партияның сенімді адамдарымен жүргізіледі. Шортанды  ауданының «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының азаматтарды қабылдау кестесін ұсынамыз. Мемлекетімізде коронавирустың таралуын болдырмау үшін бағытталған шектеу сандықтауының енгізілуіне байланысты қабылдаулар онлайн форматта өткізіледі.

•        Көрсетілген байланыс телефондары бойынша қабылдауға алдын ала жазылуларыңызды сұраймыз:

Call-центр:  8716(40) 9-29-84

0
0
159

Бүгін адандық Мәдениет үйінде

аудан орталығында орналасқан «Көксу қант зауыты» ұжымының еңбеккерлерімен кездесті. Кездесуге  «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы мен депутаттыққа үміткер азаматтар  және зауыт ұжымы қатысты. Жүздесу барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды барғдарламаларымен бөлісіп, сауалдарға жауап берді. Ал кездесуге келе алмай қалған,  яғни кезекшілікпен жұмыс орнында болған азаматтар үшін үміткерлер зауытқа арнайы барып қайтты.

0
0
152