Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауынан


https://www.facebook.com/100011843029209/videos/941167996287959/

«Nur Otan» партиясының да жұмыс жасау бағдары жаңғырып, жаңаланды, сайлауалды бағдарлама әр өңірге сараптама жүргізіле отырып жеке-жеке жасақталды.
Партияның мемлекетіміздің дамуы, халықтың әл-ауқатының көтерілуі жолында жасаған жұмыстарын тізіп шығу мүмкін емес. Партияның қызметі өткенмен тоқтамақ емес, алға жылжып, жақсару, кемелдену бағытында дамымақ. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдың әл-ауқатын көтеру, медицинаға қолдау, дәрігерлердің жалақысын көтеру, тұрақты жұмыс орындарын ашу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тең мүмкіндік, қарттарға қамқорлық, сапалы білім, заң, кәсіпкерлік, жалпы барлық салада прогресс жасауға мүдделі.
Бұл ақпараттар "Сенек" ЖШС қызметкерлерімен онлайн жиында мәлімделді. Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Асылбек Жолдыбаев, Дидар Әбдірахман, Мейрамгүл Аманиязова «ZOOM» платформасы арқылы партияның сайлауалды бағдарламасына толық тоқталып өтіп, 7 басым бағытты кеңінен түсіндірді. Қызметкерлермен кері байланыс жүргізіп, сұрақтарына жауап берді.
Қордай аудандық мәслихатына үміткерлер Қ.Қыпшақбаева, Н.Садыков, С.Көпешов «Кандидат қонақта» канвассингін өткізу үшін Отар ауылының тұрғыны, ауылдың белсенді, беделді азаматы, 80 жастағы Бейсеуов Смағұл атаның үйінде болып, отбасы мүшелеріне алдағы сайлаудың маңыздылығын түсіндіріп, үгіт-насихат жүргізді.
Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Біз ешқашан бірсәттік пайданы көздеген жоқпыз, орындалмайтын уәде беруден де аулақ болдық. Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істедік. Заман алдымызға тартқан сан түрлі сауалдарға біздің дайын жауабымыз болған жоқ. Соған қарамастан еңбектене жүріп үйрендік, қажетті тәжірибе жинақтадық. Соңғы кездерде бетпе-бет келіп отырған қиындықтар партияның саяси тұғырнамасында көрініс тапқан құндылықтардың ерекше маңыздылығын тағы да растады. Бұлардың қатарында – Адам, Бостандық, Заң үстемдігі, Әділдік, Бірлік, Болашаққа нық қадам, Отбасы мен дәстүр секілді қастерлі ұғымдар бар. Біз өз шешімдеріміз бен әрекеттеріміз барысында сара жолды саясатқа сүйене отырып, әрдайым ұлы мұраттар жолында жұмыла білдік. Сарабдал саясат жүргізу және барша қазақстандықтардың мүддесін ескеру елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізіне айналды. Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Бүгінде партиямыздың өзіндік дәстүрі, қол жеткен табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар. Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада егжей-тегжейлі көрініс тапты. Бұл алға қойған міндеттерді еліміздің кез келген өңірінде, барлық деңгейде тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Біз елді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру бағдарын берік ұстанамыз. Барша сайлаушыларды алдағы сайлауда Nur Otan үшін дауыс беруге шақырамын. Қазақстандықтар бейбіт өмір, тұрақтылық пен жарқын болашақ үшін дауыс беретініне сенімдімін! Қуатты мемлекет пен тең мүмкіндіктер қоғамына таңдау жасаңыздар!
Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев

Әкесі- Өтебай Наятұлы үзак жылдар бойы ұстаз болған, ата жүртқа келгесін Өзен мұнай базасында, Қазақ газ өңдеу зауытында жауапты қызметте болды. Анасы - Мамық Тоқтабайқызы тігінші, он бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана.
1970ж В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының ( қазіргі Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет) мұнай факультетіне қабылданып, «мұнай және газ скважиналарын бұрғылау» мамандығы бойынша 1975 жылы бітіріп шықты.
Өзінің еңбек жолын 1975 жылы «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігінің Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі қызметінен бастаған.
1976-1984жж - «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігінің Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында аға технолог ЦИТС, РИТС ауысым бастығы, 1984-1989жж - «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігінің Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында РИТС бастығының орынбасары, РИТС бастығы, 1989-1990жж - Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында МТЖБ (материалдық техникалық жабдықтау бөлімі) бастығы, 1990-1995жж - Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасының басшысының орынбасары,
1995-1997жж – «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің УПТОиКО директорының бірінші орынбасары,
1997-2000жж – Ақтау қаласында «Экономикс» ЖШС директорының орынбасары,
2000-2011жж – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру » АҚ «КРУЗ» ЖШС атқарушы директоры, техникалық директоры,
2011-2014жж - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру » АҚ «КРУЗ» ЖШС бас маман лауазымында қызмет атқарды.
2014-2017 жж. «КРУЗ», «ӨзенМұнайСервис» ЖШС еңбекті қорғау, техника қауіпсіздік бөлімінің бастығы қызметін атқарып, 2017 жылдың маусым айынан зейнетке шықты.
2006 жылы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ің аспирантурасының сыртқы бөліміне түсіп, 2010 жылы «Пайдалану мұнай ұңғымаларын қалпына келтіру мақсатында гидросоққылама бұрғылауға арналған техникалық құралдарды жобалау» темасы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады, 2006-2009 оқу жылдары «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығы бойынша Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-де, ал 2010-2013жж «Каспий Қоғамдық Университетінде» мемлекеттік емтиханды және дипломдық жобаларды қорғауды қабылдау «Мемлекеттік аттестациялық комиссияның» төрағасы болды.
2012 жылы Мәскеу қаласындағы Халықаралық ғылым және өнер академиясындадокторлык диссертациясын қорғады.
28 ғылыми еңбектің, ҚР 5 инновациялық патенттің және жоғарғы оқу орындарына арналған ана тіліндегі «Күрделі жағдайларда ұңғыларды бұрғылау» , «Күрделі жағдайларда ұңғыларды бұрғылау және апаттық құралдар» және «Гравийные фильтры буровых скважин на жидкие и газообразные полезные ископаемые» оқулықтардың авторы.
Республикалық Алматы, Ақтөбе, Актау, Өскемен және халықаралық София, Прага, Москва, Санкт-Петербург, Ош, Киев, Донецк , Алвена қалаларында өткен ғылыми- конференцияларға қатысты. Өндірістегі табыстары бағаланып «Өзен кенорнына 40-жыл», «Маңғыстау мұнайына 50-жыл», «Маңғыстау облысына 40-жыл», «Айрықша еңбегі үшін», Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ «Үздік түлегі», «Бекет Ата 250-жылдығы», « ӨзенМұнайГаз » АҚ-ның 50 және 55 жыл, «Қазақ хандығына 550 жыл», «Скважиналарды қүрделі жөндеуғе 45 жыл» , «Жаңаөзен қаласына 50 жыл» мерекелік медалдарымен, Ресей Федерациясының «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» В.И.Вернадский орденімен, ҚР Энергетика Министрлігі «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан мұнайына 120 жыл» медалі, ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен, Маңғыстау облысының әкімінің, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтің Алғыс хаты және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру АҚ-ның, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» -ның Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Өтебаев Майлыбай Техника ғылымдарының докторы. Ресей Федерациясы халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі ғылым академиясының академигі. Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматының иегері.
17 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Салтанат Утегулова ZOOM платформасы арқылы білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткер Салтанат Кәрімқызы білім саласына қатысты бірқатар маңызды тақырыптарды тілге тиек ете отырып,сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті.
"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы
