Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер халықпен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ ПАРТИЯ

15 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев, Сәбира Сүндетова ауданымыздың Казталов, Жалпақтал, Тереңкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуді «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында әр үміткер партияның Казталов аудандық филиалының алдағы бес жылдыққа арналған бағдарламасын негізге ала отырып өзідерінің сайлауалды бағдарламаларында көрсетілген бағыттары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар үміткерлер тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып, айтылған кейбір мәселелердің шешу жолдарын да атап өтті. Жиын барысында үміткерлер халықты партияны қолдауға шақырды.

Үміткерлердің тұрғындармен кездесуі санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
204

Осы тақырып бойынша

ҚР Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер халықпен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. - Yvision.kz