Мазмұнға өту

Жаңа

«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» меркелік шара

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылған шарада аудан басшысы Халел Жамалов жылыойлықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.⠀- Сіздерді ұлық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!⠀Тәуелсіздіктің арқасында біз қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келе жатқан елдердің қатарындамыз және оны мақтан тұтып, ауыз толтырып, нық сеніммен айта аламыз.⠀Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Осы жеткен жетістіктерімізіге әрқайсымыз құрметпен қарап, қолымыздан келгенше еліміздің әрі қарай жаңа табыстарға, жетістіктерге жете беруіне білекті күш жұмсауымыз қажет.⠀Сіздерді ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, егемен еліміздің…

0
0
283

Тарбағатай ауылдық округінің тұрғындарынмен кездесу

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Қ.Оспанов, Л.Молдашева, К.Габдуллина, Е.Дайырбаев Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің тұрғындарынмен кездесіп, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

39
0
237

Кандидаттар үгіт насихат жұмыстарын жүргізді

Махамбет аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар "Есіктен есікке" акциясы аясында үйлерді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға партияның 2025 жылға дейін жасақтаған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ауданға қатысты дайындалған бағдарламада ірі және ұсақ мал басын көбейту, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды тұрғын үймен қамту, ауылдық округтерге ауылішілік жолдар салу, Махамбет ауылынан кәріз суларын тазалайтын станция салу, медицина мамандарын тарту сияқты тағы басқа көптеген игілікті істерді жүзеге асыру жолдары тайға таңда басқандай жазылғанын түсіндірілді. Ауыл тұрғындары сайлауға келетіндерін, "Nur Otan" партиясына дауыс беретіндерін айтып, ауданда жаңа жобалардың жүзеге асатынына ризашылықтарын білдірді. Індет кезінде әлеуметтік көмек алғандарын…

0
0
155

Сауда үйінде экспромт кездесумен жалғасты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Родина ауылында «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездескен соң Родина ауылындағы «Наша Родина» сауда үйінде тұрғындармен экспромт кездесуін жалғастырды. Аталмыш сауда үйінде жергілікті агрофирманың сүт өнімдерімен, халық тұтынатын азық-түлік өнімдері саудаланады.Павел Николаевич Безвербный дәл осы экспромт кездесу аясында ауыл халқымен жүзбе-жүз кездесіп, сауда үйінде тұтынушылардың толғандыратын көптеген сұрақтарына жауап берді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат П.Н. Безвербный өз кезегінде ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, оларды шешуге дайын екендігін жеткізе келе, әр сайлаушының дауысы маңызды, сайлау…

0
0
241

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

Салтанатты шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминге, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі Д.Ақышевқа, Алматы облысының әкімі А.Баталовқа, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы А.Әшімбекұлына, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры А.Дзюбаға, «Mabetex Group» компаниясының негізін қалаушы Б.Паколлиге, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары С.Сейтеновке мемлекеттік наградалар тапсырды.

7
0
178

«Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен өткен келелі кездесу

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Родина ауылында «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездесу ұйымдастырды.«Родина» агрофирмасы көпсалалы ауыл шаруашылығы, мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Аталмыш ауылдық округіне Родина, Садовая, Зеленый Гай ауылдары жатады. Ауыл тұрғындарының дерлігі жұмыспен қамтылған. Ең бастысы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуда қолайлы жағдай жасалған. Ауылда жұмысқа тұрған мұғалім, дәрігер, учаскелік полицей және тағы басқа мамандық иелерін агрофирма баспанамен қамтамасыз етеді. «Родина» Агрофирмасының өнімдері өзінің жоғары сапалы өнімдерімен көпшілікке белгілі. Родина ауылы өңірдегі ауылшаруашылық бағытта дамыған…

0
0
157

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әлем қартасына Қазақстан атын ойып жаздық. Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды. Еуразия жүрегінде жаңа астанамызды салдық. Біз Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі ұлан-ғайыр атырапты мекендеген баһадүр бабалардың ұрпағымыз. Үстірт пен Қарт Каспийдің жағасын, Сыр мен Ертістің арасын алып жатқан байтақ даланың заңды мұрагеріміз. Бұл – ата-бабамыздың аманаты. Бабадан мирас болған қастерлі жерімізді көздің қарашығындай сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету – бәріміздің асыл борышымыз. ⠀ Құттықтаудың толық мәтінін Elbasy.kz сайтынан оқи аласыз.

6
0
166