Санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылған шарада аудан басшысы Халел Жамалов жылыойлықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
⠀- Сіздерді ұлық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
⠀Тәуелсіздіктің арқасында біз қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келе жатқан елдердің қатарындамыз және оны мақтан тұтып, ауыз толтырып, нық сеніммен айта аламыз.
⠀Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Осы жеткен жетістіктерімізіге әрқайсымыз құрметпен қарап, қолымыздан келгенше еліміздің әрі қарай жаңа табыстарға, жетістіктерге жете беруіне білекті күш жұмсауымыз қажет.
⠀Сіздерді ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, егемен еліміздің Ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
⠀Тәуелсіздік күні жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Ендеше әрқайсымыздың кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың Тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін,- деді Халел Жамалов.
⠀Бұдан соң аудан әкімі Халел Жамалов ауданның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген әр сала қызметкерлерін Атырау облысы әкімінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің және Жылыой ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
«Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Қ.Оспанов, Л.Молдашева, К.Габдуллина, Е.Дайырбаев Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің тұрғындарынмен кездесіп, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
Махамбет аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар "Есіктен есікке" акциясы аясында үйлерді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға партияның 2025 жылға дейін жасақтаған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ауданға қатысты дайындалған бағдарламада ірі және ұсақ мал басын көбейту, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды тұрғын үймен қамту, ауылдық округтерге ауылішілік жолдар салу, Махамбет ауылынан кәріз суларын тазалайтын станция салу, медицина мамандарын тарту сияқты тағы басқа көптеген игілікті істерді жүзеге асыру жолдары тайға таңда басқандай жазылғанын түсіндірілді.
А
уыл тұрғындары сайлауға келетіндерін, "Nur Otan" партиясына дауыс беретіндерін айтып, ауданда жаңа жобалардың жүзеге асатынына ризашылықтарын білдірді. Індет кезінде әлеуметтік көмек алғандарын айтып, алғыс айтушылар да болды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Родина ауылында «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездескен соң Родина ауылындағы «Наша Родина» сауда үйінде тұрғындармен экспромт кездесуін жалғастырды. Аталмыш сауда үйінде жергілікті агрофирманың сүт өнімдерімен, халық тұтынатын азық-түлік өнімдері саудаланады.
Павел Николаевич Безвербный дәл осы экспромт кездесу аясында ауыл халқымен жүзбе-жүз кездесіп, сауда үйінде тұтынушылардың толғандыратын көптеген сұрақтарына жауап берді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат П.Н. Безвербный өз кезегінде ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, оларды шешуге дайын екендігін жеткізе келе, әр сайлаушының дауысы маңызды, сайлаушылардың таңдауы - бүкіл елдің болашағын таңдау екендігін ескеріп өтті. Кандидат «Nur Otan» партиясының еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екенін айтып, тұрғындарды мазалаған мәселелері жөнінде сұрады. Сауда үйінде аяқ астынан жүздескен ауыл тұрғындары да осындай жаңа форматта ұйымдастырылған кездесуге риза болып, өз тараптарынан алғысын білдіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өңірдегі оңды өзгерістермен, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында атқарылар игі бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін осындай азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.
Бұдан бөлек кандидат сауда үйінің қызметкерлері, сатушыларымен әңгімелесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырып, қызметкерлердің әрқайсысының жеке мәселелерін тыңдады. Ондағы мақсаты - тұрғындардың назарына «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіру.
Тұрғындар әсіресе сайлауалды бағдарламаның 7 бағытында қарастырылған міндеттердің басымдылықтарына сенім білдіретіндіктерін жеткізді. Родина ауылдық округі халқы бағдарламада көрсетілген « Жайлы ауданның» өзін осы Родина ауылынан көріп отырғандықтарын да жасырмады. Олай дейтініміз, мұнда еңбек етемін деген жанға қолайлы жағдай жасалған. Ауылдың өзінде мәдениет үйі, полиция бөлімі, жабық хоккей корты, сән салоны, кiтапхана, мәдени және демалу саябағы, сүт зауыты сияқты нысандары, көшелердің барлығында бейнекамералар бар. Ал өз кезегінде «Агрофирма «Родина» ЖШС» директоры Иван Адамович Сауэр осы ауылдың өркендеп-өсуіне бар күш-жігерін, білімін жұмсады. Бүгінде Родина ауылы өңірдегі үздік елдімекендердің қатарында өзге ауылдарға үлгі. Жұмыссыздық жоқ, әлеуметтік мәселелер шешілген. Барлық мекемелер үздіксіз қызмет көрсетуде. Серіктестік өнімдерін елорда тұрғындары табиғи таза, сапасы жоғары өнім ретінде тұтынып отыр.
Экспромт кездесуде кандидат П.Н. Безвербный әр ауданның әлеуеті мен проблемалық мәселелері сараланған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында халықтың пікірі де кеңінен ескерілгенін айта кетті. Мысалы, аудан тұрғындарының алаңдатқан таза ауыз су, сапалы инфрақұрлым мен тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселелерінің шешу жолдары қарастырылып отыр. Сонымен бірге, ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған нақты шаралар да жоспарланған. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының басты жетістіктері мен алдағы жетістікке жетелейтін жобалары, жүзеге асыруды көздейтін істері жазылған үгіт-насихат парақтары таратылды.
Толайым жетісітіктеге жетелейтін партияның алға қойған міндеті де халықтың әл-ауқатын жақсарту. Партияның сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлерге қолдау таныту шарасы негізгі басымдық ретінде қарастырылған. Бұл үшін партия 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында жобаларды субсидиялауды ұлғайту, төмен пайыздық несиелеу, грант бөлу, бизнес негіздеріне оқыту, базар салу, ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізетін нүктелерді көбейту, құс еті өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыру, жылыжай салу, бордақылау алаңдарын ашу, жергілікті азық-түлік өнімдерін дүкен сөрелерінде орын алуына ықпал етеді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясындағы экспромт кездесу соңында барлық мәселелер басты назарда болатындығын ескеріп, «Сіз біз болып қиындықты еңсере отырып, жеңіске бірге жетейік!»- деді. Ауыл тұрғындары «Nur Otan» партиясына өз дауыстарын беруге ниет білдірді.
Салтанатты шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминге, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі Д.Ақышевқа, Алматы облысының әкімі А.Баталовқа, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы А.Әшімбекұлына, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры А.Дзюбаға, «Mabetex Group» компаниясының негізін қалаушы Б.Паколлиге, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары С.Сейтеновке мемлекеттік наградалар тапсырды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Родина ауылында «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
«Родина» агрофирмасы көпсалалы ауыл шаруашылығы, мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Аталмыш ауылдық округіне Родина, Садовая, Зеленый Гай ауылдары жатады. Ауыл тұрғындарының дерлігі жұмыспен қамтылған. Ең бастысы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуда қолайлы жағдай жасалған. Ауылда жұмысқа тұрған мұғалім, дәрігер, учаскелік полицей және тағы басқа мамандық иелерін агрофирма баспанамен қамтамасыз етеді. «Родина» Агрофирмасының өнімдері өзінің жоғары сапалы өнімдерімен көпшілікке белгілі. Родина ауылы өңірдегі ауылшаруашылық бағытта дамыған жайлы ауыл. Ынтымағы жарасқан ауылдың тұрғындарының берекесі жарасымды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездесу барысында «Nur Otan» партиясының рөлі мен міндеттері туралы кеңінен әңгімелеп, партияның сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырып, басты бағыттарына тоқталып өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный ауыл тұрғындарымен жүздесу барысында ауыл тұрғындарымен, еңбек ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерімен, аманаттарымен танысты. Келелі кездесуде еңбек ұжымына үміткер сайлауалды бағдарламаның жеті бағытында көрсетілген алдағы оң шешімін табатын міндеттерімен, өңірде қолға алынатын жобалармен де таныстырып өтті. Кәсіпкерлік саласында тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдау алғанын жеткізген кандидат Б.Н. Безвербный «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарында өңірдің саяси-экономикалық дамуы бойынша барлық сала қамтылғанын ерекше назар аудартты.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін жыл сайын пайдалану, оның ішінде жобаларды субсидиялау, жобаларға кепілдік беру және грант ұсыну, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын мемлекеттік грант, микрокредит бөлу, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 13 жаңа бизнес - жобаны несилеу мақұлданғаны сынды маңызды бағыттар қарастырылғанын атап өтіп, кандидат тұрғындарды толғандырған сауалдарын тыңдап, оларға нақты жауаптар берді. Өз кезегінде тұрғындар партияның сайлауалды бағдарламаларын қолдайтындарын жеткізді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный партия алдындағы міндеттердің бірі 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру бойынша (жыл сайын орта есеппен 1100-ге жуық) және жалпы жұмыссыздық деңгейін 0,03% - ға дейін төмендету міндеті қойылғанын жеткізіп, аудандағы атқарылатын іргелі істерді тиек етті. Атап айтқанда, Қосшы, Қабанбай батыр, Р.Қошқарбаев, Оразақ, Талапкер ауылдық округтерінің аумағында көкөніс және жем-шөп дақылдары картобының көбірек өнімін алу үшін 5 мың га суармалы жер алаңын кезең-кезеңімен кеңейтуді жақтап шығу, 2025 жылға дейін 7 ауылдық округте (Қоянды, Жаңаесіл, Мәншүк, Софиевка, Приречное, Қабанбай батыр, Арайлы) 35 мал шаруашылығы базасы салынады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу. 5 жыл ішінде 3 ауылдық округте (Арайлы –«Wessar» ЖШС, Қабанбай батыр - «Грин Стар» ЖШС, Талапкер - «Табыс» ӨК) 3 астық қоймасы мен көкөніс қоймасы салынып, қайта жаңғыртылатын болады. Тұқым себу алаңын 2025 жылға қарай 3 репродукциядан төмен емес 90%-ға дейін ұлғайту көзделген. Минералды тыңайтқыштарды қолдану алаңын 2025 жылға қарай 91 мың гектарға дейін ұлғайту. Өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану алаңын 2025 жылға қарай 100% - ға дейін және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашу үшін жағдай жасау қарастырылған. Бұдан бөлек өңірде 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен 3 қайта өңдеу кәсіпорны ашылады, оның ішінде «Муртук» ЖШС ет өңдеу жартылай фабрикаттар шығару, 500 басқа арналған «Ен Дала» ЖШС сүт кешенін іске қосу, «Сивка Бурка» ШҚ ет және қымыз өңдеу, 2025 жылға дейін Айбарыс ШҚ бордақылау алаңының фермасын 2000 бастан 5000 басқа дейін кеңейту қолға алынатын болады.
Родина ауылдық округінде өткен үгіт-насихат кездесуінде тұрғындар өз кезегінде партияның сайлауалды бағдарламаларын жан-жақты қолдайтындықтарын бірауыздан құптады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный 2021 жылдың 10 қаңтары күні сайлауға қатысып, азаматтық көзқарастарын танытуларына «Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деп, партияға дауыс беруге шақырды.
Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Әлем қартасына Қазақстан атын ойып жаздық.
Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды.
Еуразия жүрегінде жаңа астанамызды салдық.
Біз Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі ұлан-ғайыр атырапты мекендеген баһадүр бабалардың ұрпағымыз.
Үстірт пен Қарт Каспийдің жағасын, Сыр мен Ертістің арасын алып жатқан байтақ даланың заңды мұрагеріміз.
Бұл – ата-бабамыздың аманаты.
Бабадан мирас болған қастерлі жерімізді көздің қарашығындай сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету – бәріміздің асыл борышымыз.
⠀
Құттықтаудың толық мәтінін Elbasy.kz сайтынан оқи аласыз.