Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Рухани жаңғыруда Рухани бастама

Бүгін «Рухани жаңғыру» орталығында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н. Байқадамов, А. Оңғарбаев, С. Бихожаева, Ш. Абдикаримов және Б.Каримова зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, зиялы қауым өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Бұл кездесуде сөз алған ұстаз, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бәйімбетов Мылтықбай Мұстафаұлы ұстаздар мен ардагерлердің мәртебесі жөнінде бірнеше мәселелерді қозғап, ұстаздар аллеясын ашу жөнінде ұсынысын жеткізді. Айтылған ұсынысты облыстық мәслихат депуттатығына үміткерлер құптап, тіл мәртебесін асқақатуда оң бастама екендігін атап кетті.

Сондай-ақ, кандидаттар партия тарапынан халқымыздың

бірлігіне, еліміздің өркендеуіне әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бағдарламаның негізгі мақсатын атап өтті. Еліміздің саяси жетекші күші ретінде өткен атқарылған жұмыстар және алға қойылған оң бастамалар легі өз деңгейінде кезек-кезегімен орындалатынын да жеткізді.

0
0
147

Осы тақырып бойынша

Рухани жаңғыруда Рухани бастама - Yvision.kz