Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынады

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Дүйсенова ерекше күтімді қажет ететін адамдарға арналған көмек жайын айтып берді.

2021 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 150 орындық қайта оңалту орталығының құрылысы жүргізіледі. 2022 жылы Ақтөбе қаласында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт кешені және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы оңалту балабақшасы салынады. Сонымен бірге балабақшаларда 44 арнайы оңалту тобы ашылады. Қазіргі кезде облыста ерекше білім беруді қажет ететін 6370 бала тұрады. Оңалту балабақшаларында 515 бала, қатардағы балабақшалардың оңалту топтарында 301 бала қамтылған.

-Алдағы бес жылда партия халық денсаулығын нығайту, бұқаралық спортты дамытуға басымдық береді. Nur Otan халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін 1 мың адамға шаққанда 60% жеткізу міндетін алға қойып отыр, - деді Айгүл Дүйсенова.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
256

Осы тақырып бойынша