Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партияның сенімді өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті

15 желтоқсан күні партияның сенімді өкілі, аудандық сайлауалды штабының төрағасы, аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Мирхат Ибраев және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Мереке Тлеков Ақсоғым ауылында "Ақсоғым" бастауыш партия ұйымының мүшелерiмен кездестi.

Жүздесуде сайлауалды iс-шаралардың атқарылуы, үгiт-насихат жұмыстарын заңды түрде жүргiзу сɵз болды. Ауыл тұрғындары байланыс желісі және мобильді интернеттің мәселесін көтеріп аманаттарын жеткізді.

Сонымен қатар партияның Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының жетi бағыты бойынша мəлiмет берiлдi.

Мұндай кездесу Ақжайық ауылында да ɵттi.

Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Шолпан Какижанова және партияның сенімді өкілі Бекзат Кубаев "Ақжайық" бастауыш партиясының мүшелерiмен кездесiп, сайлауға дайындықтарын сұрап, пiкiр алмасты.

9
1
356

Осы тақырып бойынша

Партияның сенімді өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті - Yvision.kz