Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір"

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы назарында:

Басымдық №7

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАЙМЫЗ

Бизнес үшін салық режимін жақсартамыз

📷 Салық санын азайтып, оларды есептеу тәртібін жеңілдетеміз

📷 Салықтық міндеттемелердің орындалуына қашықтан бақылауды енгіземіз

📷 Әлеуметтік маңызды тауар өндірушілері үшін ҚҚС-ты төмендетеміз

Жаппай жаңа бизнес ашу үшін жағдай жасаймыз

📷 Экономиканың нақты секторын несиелендіруді кеңейту үшін жағдай жасаймыз

📷50 мың азаматқа жеке бизнесін ашуға жалпы сомасы 250 млрд теңгеге микронесие бөлеміз

📷 Агроөнеркәсіптік кешенде 7 ірі экожүйе құру үшін стратегиялық инвесторларды тартамыз

📷 Агроөнеркәсіптік кешендегі 380 жаңа инвестициялық жобаны іске асыруға қолдау көрсетеміз

📷 600 мың жаңа суармалы жерді айналымға енгізу арқылы 70 мың шаруа қожалығын құруды қамтамасыз етеміз

📷10 ірі туристік кластерді дамытуға қолдау көрсетеміз

📷 1000-нан астам жаңа IT компаниялардың ашылуын ынталандырамыз, деректерді өңдеу және сақтау саласы бойынша инвестицияны 6 есеге, яғни 500 млрд теңгеге дейін арттырамыз

📷 Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алулары аясында отандық өнімді кепілдендірілген сатып алуын қамтамасыз етеміз

Бизнесті рейдерлік және рұқсатсыз тексерулерден

қорғаймыз

📷 Сот немесе прокурордың санкциясынсыз кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттеріне тыйым саламыз

📷 Салықтық құқық бұзушылықтар үшін бизнесті қылмыстық

жауапкершілікке тарту шегін қайта қарастырамыз

📷 Азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау қағидаттарына сай келмейтін барлық нормативтік құжаттар жойылады

0
0
153

Осы тақырып бойынша

"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" - Yvision.kz