Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бибігүл Қуанышқызы Кушекова "Білім Бурабай"бастауыш партия ұйымымен кездесті

"Nur Otan" партиясының атынан облыстық мәслихатқа үміткер Бибігүл Қуанышқызы Кушекова бастауыш партия ұйымымен кездесіп сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жалпы елімізде білім саласына айрықша көңіл бөлініп, бұл салаға бағытталған реформалар жүйелі түрде іске асып келе жатыр. Келешегінің кепілі бола білетін мыңдаған жастарымыз шетелде білім алып түрлі салада қазіргі күні қызмет атқарып жатыр. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың депуаттығынан үміткер Бибігүл Қуанышқызы кеңінен талдап-талқылап өтті.

Сонымен қатар ауданымыз бойынша жеті бағыттың бірі болып саналатын инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің жалпы үлесі 72% (32бірлік) ,473 баланы (88,2 %) қамтиды. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта мақсатты түрде қолға алып кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге аса бермек,-деді Б.Кушекова.

Жиын барысында облыстық мәслихаттың депутатқа үміткерге бірқатар білім жайында сауалдар қойылып тұщымды жауаптар қайтарылды.

"Nur Otan" партиясы нақты батыл қадамдарға барып өзінің істері арқылы елдің экономикалық тұрғыдан биік сатыдан көрініп отырғандығын жиналғандар растап, алдағы сайлауда нақты шешім шығара алатын партияны қолдап дауыс беретіндіктерін айтып ойларын ортаға салды. 10 қаңтар күні , еліміздің ертеңі үшін жұмыс атқаратын,атқара білетін жоспарлары жүйелі түрде іске асатын партияны көпшілік қолдайтындығын айтып жиналғандар жеткізді.

0
0
197

Осы тақырып бойынша

Бибігүл Қуанышқызы Кушекова "Білім Бурабай"бастауыш партия ұйымымен кездесті - Yvision.kz