Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Есіктен есікке» акциясы жалғасуда

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен ҚР Парламент Мәжіліс депутаттығына үміткер Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер: Қ.Қансеитов, Т.Тастанов, А.Катаев, А.Омаров, Е.Бектурганов партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында 1-Мамыр ауылдық огругі Зағамбар және 1-Мамыр елді мекендерінде үй-үйлерді аралап, тұрғындарымен кездесіп қайтты.

Акция аясында үміткерлер ауылдық округінде партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі көзделген мақсаттарды атап, 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Тұрғындарға партияның үгіт насихаттық парақшалары таратылып, ауыл азаматтарының талап тілектерін тыңдады.

2
0
127

Осы тақырып бойынша