Мазмұнға өту

Жаңа

Халықтың 99%-і жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізеді.

Бүгінде азаматтарымыздың 40%-тен астамы ауылда тұрады. Олардың еңбегінің арқасында Қазақстан қазіргі таңда өзін азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етуде және ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі экспорттаушысы болып отыр.

Біз ауылдың әлеуетін барынша жүзеге асыру үшін ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасаймыз.

Ол үшін келесі шаралар іске асырылады:

Стратегиялық инвесторлардың қатысуымен 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын қатыстыра отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, астық, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер және қант) өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйе құрылады.

Жалпы АӨК-те 380 инвестициялық жоба іске асырылады.

Біз ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартудың жаңа формаларын әзірлейміз, жалпы алаңын 2,2 млн. гектарға дейін жеткізе отырып, 600 мың гектар жаңа суармалы жерді игереміз, қосымша шамамен 70 мың отбасылық шаруашылық құрамыз.

Субсидиялау жүйесі жаңа технологиялар мен селекциялық жетістіктерді, егістік пен егінді алқаптың жай-күйін мониторингтеудің заманауи цифрлық шешімдерін енгізуді, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын нақты қолдануды ынталандыруға бағытталады.

Субсидиялау көлемінің өсуі есебінен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу 1,5 есеге, минералдық тыңайтқыштарды сатып алу 1,4 есеге, жоғары сапалы тұқымдарды сатып алу 1,2 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ жыл сайын егістікті тиімді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың 50%-і субсидияланады.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен тек дәнді және майлы дақылдарды ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін форвардтық сатып алу кеңейтіледі.

Ауылдарда кооперацияны ынталандыру, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шикізатты қайта өңдеуге тапсыру, жалпы қуаты 2,1 млн. тонна болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және сату бойынша 24 көтерме-тарату орталығын құру жөнінде шаралар қабылданады.

Ветеринариялық, фитосанитариялық және карантиндік қызметтерді жаңғырту халықаралық талаптарға сәйкес жалғасын табады.

Ауыл шаруашылығын ғылыми әзірлемелермен қамтамасыз ету бойынша аграрлық ғылым үшін нақты мақсатты индикаторлар әзірленеді.

2025 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,3 есе, АӨК өнімінің экспорты 2 есе ұлғайып, өңделген өнімнің үлесі 70%-ке жеткізіледі. Біз өзімізді елімізде өндіретін негізгі азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етеміз.

3 500-ден астам ауыл жаңғыртылады, әрбір тірек ауылға дейін 27 мың км. жергілікті жолдар жөнделіп, олардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ке жеткізіледі.

Жыл сайын ауылдарда инженерлік желілермен қамтамасыз етілген жеке тұрғын үй салу үшін 22 мың жер телімі бөлінеді.

Қала және ауыл халқының 100%-і сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізеді.

2025 жылға қарай халқы 900 мыңнан астам адамды құрайтын 246 ауыл газбен қамтылады.

Халықтың 99%-і жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізеді.

0
0
163

Ұлтқа қызмет ету - мінезден

Депутат-халық жанашыры. Үкімет пен қоғамның көпірі. Көп сөзділікке жол бермей нақты жұмыстар атқару кез-келген халық жанашырының міндеті. Дүйім жұртқа мәлім Ерейментау ақындар мен батырлар мекені. Өз жерінің нағыз патриоты, жүрегі елім деп соққан партияласымыз, "Nur Otan" партиясының мүшесі, "Хамзе" ШҚ басшысы, аудандық мәслихат депутаттылығына үміткер Биекенов Ержан Хамитұлы әрқашан әрбір ісіне тиянақтылықпен, жауапкершілікпен ең бірінші халық мүддесін қорғайтын-адал азамат. Дәл бүгінде Биекенов Ержан Хамитұлы тасада қалмай, халықпен бірге екендігін, "Nur Otan" партиясының кемел болашағына нық сеніммен қарауға болатындығын тұрғындар назарына жеткізді.

"Nur Otan" партиясы мақсаттары айқын партия. Елі үшін қызмет атқарғысы келетін әрбір азаматты қолдауға дайын партия. Әр тұрғынның өтініш, тілегін тыңдай алатын партия.

"Nur Otan" партиясы  әрқашан халықпен  бірге!

0
0
168

Облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер

әлеуметтік желісі арқылы сайлауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша аға буын өкілдерімен кездесті. Онлайн жиынға аға буын өкілдері ауданға белгілі тұлғалардан бөлек аудан мен ауыл тұрғындары да қатысты. Кездесу барысында онлайн шараға қатысушылар үміткерге өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

1
0
312

Арман Қырықбаев Маңғыстау жастарымен кездесті

Кездесуге үгіт науқанына қатысып жүрген белсенді жастар, қала мен аудандарға жауапты координаторлар қатысты.

Кездесу барысында Арман Оразбайұлы жастарға сайлау алды үгіт кезеңіне қатысып, халықты партияға дауыс беруге шақырып жүрген белсенділерге алғысын жеткізіп, алда да партияның дамуы жолында еңбек етуге шақырды.⠀

«Өңірде 693 белсенді үгіт науқанына қатысуда. Қазіргі уақытқа дейін 79711-үгіт материалдары жабыстырылып, «Есіктен есікке» акциясы аясында өңір тұрғындарына таратылды. Барлық жастар имидждік киіммен қамтылды, келісім-шарт жасақталды» дейді «Jas Otan» МОФ төрағасы Н.С.Мағдатов.⠀

#NurOtan #JasOtan #JasOtanMangystau #NurOtanMangystau

1
1
475

«NUR OTAN»-ның БАРЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ ХАЛЫҚ ҮШІН ЖАСАЛУДА

Сабыр Орынханұлы, «Сарыағаш» шипажайында 30 жылдан астам бас есепшісі қызметінде болып құрметті зейнетке шықты. Бүгінде 8 перзентінен 40 астам немере, шөбере көріп ел ағасы болып отыр. Партияның жұмысына белсене қатысып келеді. «Nur Otan»-ның аудандағы барлық шараларының басы қасында болып келеді. Партиялық тізімдегі үміткер Е.Қанжігітов ардагердің отбасымен танысып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының  бағыттарына тоқталды. әрбір ауылдық округтерде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қамтамасыз ететін 1 өрт сөндіру бекетінсалуға, сондай ақ арақашықтығы ұзақ болуына байланысты шалғай орналасқан округтерге 3 өрт сөндіру бекеттерін салуды (480 млн. теңге) жоспарлап отыр. Соның ішінде Жартытөбе ауылдық округіде енгенін айтты.  Сонымен қатар, Жартытөбе ауылдық округі көп ұлтты аймақтардың қатарында. Сондықтан, партия өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етудіде көздеп отыр. Сабыр ақсақал, үміткердің жұмысына жоғары деген баға беріп, ағалық ақ батасын берді.  Е.Қанжігітов, партия ардагерінің ұсыныс-пікірін тыңдп, жұмысына деген ризашылығын білдіріп, ел болып алдағы саяси науқанда белсенділік танытып, «Nur Otan»-ды қолдауға ауыл халқын қолдауға шақыратынына сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

1
0
322

Бүгін сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында

Алғабас ауылының тұрғындарымен онлайн форматта кездесті. Онлайн кездесу барысында тұрғындарға сайлаудың жалпы мәліметі мен депутаттыққа үміткерлердің сайлауалды бағдаламасы толығымен түсіндірілді. Сонымен қатар жиынға қатысушылардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

0
0
169