«NUR OTAN»-ның БАРЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ ХАЛЫҚ ҮШІН ЖАСАЛУДА
Сабыр Орынханұлы, «Сарыағаш» шипажайында 30 жылдан астам бас есепшісі қызметінде болып құрметті зейнетке шықты. Бүгінде 8 перзентінен 40 астам немере, шөбере көріп ел ағасы болып отыр. Партияның жұмысына белсене қатысып келеді. «Nur Otan»-ның аудандағы барлық шараларының басы қасында болып келеді. Партиялық тізімдегі үміткер Е.Қанжігітов ардагердің отбасымен танысып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының бағыттарына тоқталды. әрбір ауылдық округтерде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қамтамасыз ететін 1 өрт сөндіру бекетінсалуға, сондай ақ арақашықтығы ұзақ болуына байланысты шалғай орналасқан округтерге 3 өрт сөндіру бекеттерін салуды (480 млн. теңге) жоспарлап отыр. Соның ішінде Жартытөбе ауылдық округіде енгенін айтты. Сонымен қатар, Жартытөбе ауылдық округі көп ұлтты аймақтардың қатарында. Сондықтан, партия өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етудіде көздеп отыр. Сабыр ақсақал, үміткердің жұмысына жоғары деген баға беріп, ағалық ақ батасын берді. Е.Қанжігітов, партия ардагерінің ұсыныс-пікірін тыңдп, жұмысына деген ризашылығын білдіріп, ел болып алдағы саяси науқанда белсенділік танытып, «Nur Otan»-ды қолдауға ауыл халқын қолдауға шақыратынына сенім білдірді.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
