Тау ауылында болып, жергілікті сайлаушылармен кездесу өткізді.
Бекітілген кестеге сай "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Б.К.Куаналиев, Т.Т.Сариев және Р.Г.Шагирова Тау ауылында болып, жергілікті сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесуде Біржан Қуаналиев партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтарды атап өтіп, партия тарапынан жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды. Бұдан басқа, Таңат Сариев партияның ауыл шаруашылығы саласын дамыту және оған қолдау көрсету бағытында жүзеге асырылып жатырған жұмыстарға тоқталса, Райгүл Шагирова ауылдық жерлерде электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар етіп, " Nur Otan" партиясы осы міндеттерді іске асыруды басымдық ретінде белгілегендігін көрсетті. Өз кезегінде, тұрғындар атынан сөз сөйлеген ауыл тұрғыны Алтынай Карашина кандидаттарға алдағы сайлауда сәттіліктер тілеп, өзінің көкейіндегі ауылдық балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу мәселесіне қатысты осы жұмыстарды іске асыру үшін қаражат бөлуге ықпал ету жөнінде ұсыныс білдірді


