Қамысты ауылының тұрғындарымен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу жоспарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт шеңберінде 2020 жылғы 13 желтоқсанда Қамысты ауылының мәдениет үйінде жергілікті тұрғындардың «Nur Otan» партиясынан партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттармен кездесуі өтті. Оған 50-ден астам сайлаушы қатысты.
Кездесуге қатысқан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Кенжәлиева және Р.Шагирова сөз сөйледі. «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев жиналғандарды алдағы сайлаудың ерекшеліктері туралы хабардар етті. Кездесуге қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырып, «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын жақсарту және ел экономикасын нығайту жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.
Өз кезегінде Салтанат Кенжәлиева «Nur Otan» партиясының ауылдық елді мекендерді қолдау және дамыту бойынша қабылдаған шараларын туралы атап өтті. Райгүл Шагирова соңғы уақытта партияның «электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатқанына назар аударды. Кездесуде сөз алған Қамысты ауылының тұрғыны Нұрболат Мусин аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерге алғыс айтып, алдағы сайлауда сәттілік тіледі. Сондай-ақ Нұрболат Мусин ауылдық мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттілігі туралы ұсыныс айтты. Мусиннің пікірінше, бұл жастар мен жалпы ауыл тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. Жергілікті тұрғындардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.


