Жаңа
Жастар да өз кандидаттықтарын ұсынуда
Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына жас үміткер Оспанов А.Д. жастармен онлайн форматта кездесу өткізді. Жас үміткер студенттерді өзінің ұстанған бағыттарымен, "Nur Otan" партиясының, Партияның Зеренді аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Студенттер жас мамандардың оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасуына жол ашуды, қолдау көрсетуді ұсынды. Сонымен қатар, "Дипломмен ауылға" бағдарламасының тек қана әлеуметтік сала мамандарына ғана емес, барлық жас мамандарды қамтуын қажет екендігін де атап өтті.
Әлеуметтік желіде тікелей эфирде сайлаушылар сұрағына жауап берді.
NurOtan партиясынан Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қ.А.Имантүсіпов әлеуметтік желіде тікелей эфирде сайлаушылар сұрағына жауап берді.
«ТОО TRADE AGRO INVEST жылыжай- шаруашылығы өнімерімен айналысатын мекеменің еңбек ұжымымен кездесу.
Бүгін, Шымкент қаласы «ТОО TRADE AGRO INVEST жылыжай- шаруашылығы өнімерімен айналысатын мекеменің еңбек ұжымымен кездесуге, Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер А.Ж.Катаев барып, «Nur Otan» партиясының бағдарламасын еңбек ұжымға таныстырды. Кездесуде бірқатар ұсыныс тілектерде айтылды. Аталған ұсыныстар партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарында бар екендігі түсіндірілді.
10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын жақтап, дауыс беруге шақырды.


Агитациялық жиналыс
"NurOtan" партиясынан Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жаңаарқа кентінде аудандық орталық аурухана қызметшілерімен онлайн агитациялық жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында "NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары түсіндіріліп, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Кездесу соңында кандидаттар сайлаушыларды 2020 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.
Тікелей эфир өтті.
Бүгін, “Nur Otan" партиясы атынан үміткер ретінде штабта тікелей эфир өткіздім.
Тікелей эфир барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сайлау алды бағдарламамен таныстырдым.
Алдағы уақытта тағыда тікелей эфирлер өткізілетін болады.
фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфирде үгіт-насихат сөз сөйледі
Ғайыпбаев Саламат Нұрмұхаммедұлы
Үгіт - насихат аясында Орбита бутик-қонақ үйінің ұжымымен кездесу өтті.
Үгіт - насихат аясында Орбита бутик-қонақ үйінің ұжымымен кездесу өтті. Бұл бутик-қонақ үй Шымкентте ұзақ жылдар бойы және көптеген қала қонақтары үшін Оңтүстік қонақжайлылықтың көрінісі болып қалыптасып кеткен.
М.С. Абдукаримов ұжымды Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қаланың шағын және орта бизнесін дамытудың бірқатар жүйелі проблемалары қозғалған сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдады:
1) коммуналдық қызметтердің жұмысында үйлестірудің болмауы, атап айтқанда бутик қонақ үйінің ауласының тұрғындары ондаған жылдар бойы аула аумағын асфальттауды күтті, бірақ бұл ақыры орын алған кезде, басқа коммуналдық қызмет коммуникацияны төсеу үшін асфальт қазып, жабынды қалпына келтірмеді.
2) тұрақ орындарының жеткіліксіздігі және іргелес паркингті жабдықтауға рұқсат алудың қиындығы шағын бизнестің дамуын тежейді. Бұл мәселе қаланың автожолдарын жөндеу аясында шешілмей отыр, дегенмен паркингтерге қатысты жағдайды айтарлықтай жақсартуға болар еді.
3) тексеруші және айыппұл салушы ұйымдардың және олардың талаптарының елеулі және бекітілмеген тізбесі болуға тиіс .
4) Коммуналдық қызметтердің олардың желілеріне қосылу және олармен одан әрі өзара іс - қимыл жасау бойынша ашық емес ішкі талаптары, атап айтқанда Орбита бутик-қонақ үйі газды тұтынуды ұлғайтуға рұқсат алуға сәтсіз тырысуда.
Барлық аталған мәселелер партиялық назар мен бақылауында болатынын айтты.




Партиялық бақылау комиссиясының жұмысы жалғасуда
Партиялық бақылау комиссиясының жұмысы жалғасуда. Орынбасарова Нұргүл Охасқызы бүгін Ақселеу Сейдімбек көшесіндегі дүкендерге рейд жасады. Рейд барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталынуы бақыланды. Ешқандай құқық бұзушылық анықталған жоқ.