Жастар да өз кандидаттықтарын ұсынуда
Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына жас үміткер Оспанов А.Д. жастармен онлайн форматта кездесу өткізді. Жас үміткер студенттерді өзінің ұстанған бағыттарымен, "Nur Otan" партиясының, Партияның Зеренді аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Студенттер жас мамандардың оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасуына жол ашуды, қолдау көрсетуді ұсынды. Сонымен қатар, "Дипломмен ауылға" бағдарламасының тек қана әлеуметтік сала мамандарына ғана емес, барлық жас мамандарды қамтуын қажет екендігін де атап өтті.
