Үгіт-насихат жұмыстары туралы кездесуі өтті
Бүгін “Nur Otan”партиясының сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру бойынша аудандық штаб мүшелерінің зиялы қауым өкілдерімен үгіт-насихат жұмыстары туралы кездесуі өтті.
#NUROTAN
Бүгін “Nur Otan”партиясының сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру бойынша аудандық штаб мүшелерінің зиялы қауым өкілдерімен үгіт-насихат жұмыстары туралы кездесуі өтті.
#NUROTAN
Мен, "Nur Otan" партиясы атынан үміткер Уалиахметова Айнұр бүгін Жымпиты ауылының тұрғындары еңбек ардагерлерінің үйінде болып, "Есіктен есікке" акция барысында кездестім. Сапаргалиев Қайыржан ағамыз 40 жыл сауда саласын еңбек етіп, ауданымыздың дамуына өз үлесін қосса, ал Гүлбағида апамыз кітапхана саласының ардагері. Кездесу барысында зейнеткер ағамыз бен апамыз өздерінің ұсыныстарын айтты. Ауыл тұрғындары Қ. Айдарханова мен А. Калиеваның үйлерінде болып, әңгіме барысында қал-жағдайларын білдім, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Зейнеткерлер елдің тыныштығын тілеп, 10 қаңтар сайлауға міндетті түрде баратындарын жеткізді.
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалды.Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Nur Otan”партиясы қатарына салтанатты қабылдау өтті.Салтанатты шараны “Nur Otan”партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова жүргізді. Мерекелік баяндама оқыған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың директоры Н.Қайыржанов”Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру — бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор б…
қоғам ардагерлері аудан тұрғындарымен және жастармен кездесті. Кездесу барысында ардагерлер партияның жұмыс істеген жылдардағы жетістіктері туралы айтты. Жиын соңында қатысушылардың тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.
Үгіт насихат жұмыстары өтті.Бүгін Шыңғырлау ауданы "Nur Otan" партиясы аудандық мәслихатына үміткерлер ретінде тіркелген С.Байтенова,С.Тайпақова,Г.Бисенғалиева,А.Камзаева,С.Казиев,А.Абаков аудандық мәдениет үйінде мәдениет және спорт қызметкерлерімен үгіт-насихат жасау мақсатында кездесуі өтті.Кездесу барысында үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, "Nur Otan" партиясының осы жолы әр аймаққа өзіндік нақты бағдарлама құрылғанын баса айтты.С.Байтенова ауданымызда атқарылып жатқан игі істер мен өңірімізде іске асқан ілкімді істердің "Nur Otan" партиясының бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқанын айтты.Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Г.Бисенғалиева,С.Тайпақова”Nur Otan" партиясы қолға алып жатқан әр ісі халықтың әл-аухатын көтеру үшін жасалып жатқанын айтты.Кездесуді…
Қаланың өнеркәсіп алыбы - "Стандарт-Цемент"еңбек ұжымымен кезекті үгіт-насихат кездесуі өтті. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысқаннан кейін көпшілігі Тассай ауданында тұратын жұмысшылар өздерінің өзекті мәселелері мен қиындықтары туралы ұсыныстармен бөлісті:
1) жол жамылғысы нашар болуы;
2) тұрақты емес электрмен жабдықтауы;
3) көше жарығы нашарлығын айттты.
Аталған мәселелер бойынша партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын ұжымға таныстыру жұмыстары жүргізіліп.Бағдарламаның орындалуы өнеркәсіпорын өкілдерінің көңілдерінен шықты.


"КАНДИДАТ - ҚОНАҚТА"
Сырым аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Талғат Мұратұлы Даргужиев
Қасым да, мен де - Өлеңті ауылында тудық. Нағашы - жиендігіміз де бар. Бірге ойнап, бірге өстік. Ол мектеп бітіріп, Ақтөбе қаласына оқуға кеткен. Ауылға дәрігер болып оралды. Қазір бір ауданның білдей хирургі. Мен болсам қалам ұстап, газетте жүрмін.Осы күзде Қасым бауырымыз екеуіміз "Nur Otan" партиясының ішкі сайлауы - праймеризге қатыстық. Алланың қалауымен халық қолдап партиялық тізімнің алдыңғы қатарынан орын алдық. Алла бұйыртса аудандық мәслихат мінберіне ауылдас ағайынның аманатын тасушы адам болсақ деп отырмыз.Алда - сайлау. Саяси науқан қызу жүруде. Мойынындағы ойдай аманат пен қарайған жұрттың үміт - сенімі "Nur Otan" - ға осы саяси аламанға ат қостырды."Nur Otan" - аты тек төрт - бес жылда бір аталып, төбесі сайлау кезінде ғана көрінетін басқа партиялардай емес, Тәуелсіз Қазақс…
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық қалыптасқан зейнеткерлерге жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 7% - ға арттырылады, бұл ретте зейнетақының ең төменгі мөлшері 43 272 теңгені құрайды;Жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2021 жылы 134 182 теңгені (46 АЕК) құрайды, 2020 жылы 127 788 теңгені құрады.ЕТК-тің ұлғаюына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5% - ға арттырылады, бұл ретте оның ең төмен мөлшері 18 524 теңгені, ең жоғары мөлшері-34 302 теңгені құрайды.Ең төменгі базалық зейнетақы алушылар зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз немесе өтілі мүлде жоқ зейнеткерлер болып табылады, ең жоғары базалық зейнетақы алушылар зейнетақы жүйесіне қаты…