Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңаарқа кентінде ПЧ-28 және №21 қалпына келтіру пойызы мекемелерінде ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУЛЕР өткізілді

"NurOtan" партиясынан кандидаттар Жаңаарқа кентінде ПЧ-28 және №21 қалпына келтіру пойызы мекемелерінде ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУЛЕР өткізді.

Аталған мекемелер басшыларының келісімімен өткен кездесулерде мекеме қызметшілеріне партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Жиынға қатысушылар Жаңаарқа кентінде темір жолдың екі жағында тұратын тұрғындардың осы жолдардан қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін көпір салу, аудан орталығында орналасқан темір жол саласы мекемелерінің қызметі барысында орын алатын ауаның ластануы және басқа да бірқатар маңызды сұрақтарды көтерді.

Партия кандидаттары аталған сұрақтардың партия филиалына мәлім екенін айтып, қолға алынған шаралар жөнінде жауап берді.

Кездесулер барысында көтерілген мәселелер партия филиалының назарында болады.

Кездесу соңында кандидаттар сайлаушыларды 2020 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды

0
0
169

Осы тақырып бойынша

Жаңаарқа кентінде ПЧ-28 және №21 қалпына келтіру пойызы мекемелерінде ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУЛЕР өткізілді - Yvision.kz