Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы – «Nur Otan»

Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы – «Nur Otan». Оның Төрағасы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 1999 жылы негізі қаланған партия өз қатарына миллиондаған қазақстандықты жинады. Партия еліміздің негізгі саяси күші саналады.

Бүгінде партияға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Елбасы «Нұр Отан» қашанда азаматтық қоғамның көшбасшысы болуы қажет екенін айтты. Өйткені партия үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен, басқа да саяси, мәдени ұйымдармен тығыз әріптестік байланыс орнатып, олардың пікіріне де назар аударып, ұтымды ұсыныстарға сараптама жасап, барлық күшті бір ортаға біріктіруі қажет.

Біздің партия жастар ортасында да беделді қызмет атқаруда. Себебі, патриоттық сезімі терең, рухани байлығы мол жаңа форматтағы қазақстандықтарды тәрбиелеу – Елбасы алға қойып отырған негізгі міндеттердің бірі.

Халқымыздың арасында «Нұр Отан» партиясының рөлі өте жоғары болуы керек. Осы саяси ұйым қазіргі таңда биік белестерді бағындырды. Партия құрылған тұста елімізде демократиялық сайлаулар өтті.

Іргесі қаланған кездегі сайлаулардан бастап «Нұр Отан» партиясы саяси күресте жетіліп, шыңдалды. Өзінің алға қойған мақсаты айқын екендігін халық алдында дәлелдей білді.

Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған кемел саясатының нәтижесінде тәуелсіз еліміз өз тарихында болмаған жетістіктерге қол жеткізді.

0
0
145

Осы тақырып бойынша

Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы – «Nur Otan» - Yvision.kz