Облыстық мәслихатқа үміткер Ақбұлақта
Облыстық мәслихатқа үміткер Ақбұлақта
Ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күні Облыстық мәслихатқа кандидат Мадияр Байжанов Ақбұлақ ауылдық округіне ат басын бұрып, осы елдімекендегі сайлаушылармен кездесті. Кандидат ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындағанын атап өтіп, оның басты мақсаты-халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасайтының мәлімдеді. Соның ішінде экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік бағытталған аудан, жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аудан секілді бөлімдердерден тұратын бағдарламаның азаматтарымыздың экономикалық-әлеуметтік әлеуетін дамытуға арналғаны туралы баса айтты.
Жалпы бұл ауыл халық денсаулық, білім, халыққа қажетті өзге де нысандармен жабдықталған, шаруа қожалықтары да баршылық. Ауылдың одан әрі даму жоспарлары мен болашағы да осы басқосуда әңгіме өзегіне айналды. кездесу барысында ауылдық округі бойынша Ақсақалдар кеңесімен Қоғамдық Кеңестің төрағалары сөз алып, «Nur Otan» партиясының еліміз бойынша атқарып жатқан игі істерін тізбелеп отырып, кандидат М. Байжанов түсіп отырған «Nur Otan» партиясының сайлауда жеңіске жетіп, халықтың аманатын орындау жолында адалдықпен қызмет етеді деген сенімдерін білдірді.
