«Nur Otan» халықпен бірге!
«Nur Otan» партиясы Аршалы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар, «Козлова А.В» ЖК басшысы Козлова Анна Викторовна мен «Nur Otan» партиясы Аршалы аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Ахимова Омарқызы аудан тұрғындарымен онлайн жүздесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының 7 басым бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Халықтың тұрмыс жағдайын арттыру жолында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету керек екендігін айтқан кандидаттар, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды. Бүкіл жер шарын дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың өміріне де елеулі өзгеріс енгізді. Бұл тұрғыда мемлекетіміздің басты байлығы адам өмірі мен денсаулығы біздің бірлігімізді арттыра түсті. Гүлмира Омарқызы «Nur Otan» партиясы еліміздің же…