Аға буын бізді қолдайды!
Волгодонов селолық округінде Аршалы ауданы “Nur Otan” партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қыдырбаева Т.Ұ округті жылдар бойы басқарып, әкімдік қызметте болған құрметті азаматы Көселбаев Жанат Дүйсембекұлына келіп, канвассинг кездесу өткізді. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының әлеуметтік саланы көтеру барысындағы басым бағыттарға тоқтала отырып, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
“Мен Қыдырбаева Тыныштық Ұзақбайқызы , Волгодонов орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ,қарапайым мұғалім ретінде еліміздегі ірі саяси оқиға 10 қаңтарында жоспарлаған сайлауға қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға сырт қарап,сыншы болмай, қайнаған тірлігіне араласып, қоғамға қызмет ету мақсатында үміткер ретінде тіркелдім.
Бұл додаға ұранды сөз,құрғақ уәдемен емес, білім беру жүйесі мен ұстаздар қауымына, ауыл халықына пайдасы тиер, қолымнан келер бір іспен болса да үлесімді қосқым келеді".
Саналы ұрпаққа берілген сапалы білім - болашақтың кепілі. Қазақстанның білім беру жүйесі үлкен өзгерістер мен тоқырауды бастан кешірді. Осынау еліміздегі сын сағатта білім беру жүйесіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу үшін, сапалы білім үшін күресуге және білім беру әлеуетін көтеруге;
Ауыл мектебінің заманауи жабдықталуы үшін жұмыстану.
"Алты алаштың баласы бас қосқанда, төр мұғалімдікі" деп М. Жұмабаев айтып өткендей, мұғалім мәртебесінің жоғары болуына барынша ықпал етсем деймін.
