Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәдениет ауылында өнер мектебі ашылмақ

Мәдениет ауылдық клубында "Nur Otan" партиясынан Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Қаншагүл Мұстафаева, Бекжанов Әліби, Досымов Қайрат, Ерхан Бақбергенұлы, Сарбасов Саматтар Мәдениет ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Тұрғындар тарапынан жұмыссыздық, жарық және жол сапасы сынды өзекті мәселелер көтеріліп, үміткерлер тарапынан тұщымды жауаптар ала білді. Атап айтар болсақ, 2025 жылға дейін елді-мекенішілік жолдарды орташа жөндеуден өткізуге, ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін электр желілері мен қондырғыларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешуге, 2021-2023 жылдары сумен жабдықтау желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізуге, жылыжай кешенін салуға, 2022 жылы көше жарығына қол жеткізуге мүмкіндіктер жасайтын болады. Үміткер Ерхан Бақбергенұлы тұрғындармен ауылда 2025 жылға өнер мектебі ашылаты туралы ақжолтай жаңалықпен бөлісті. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» - партияның сайлауалды бағдарламасымен танысқан тұрғындар 10 қаңтарда болатын сайлауда "Nur Otan" партиясын қолдайтындықтарын жасырмады.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастырады. Біздің алдымызға елдің сенімін ақтау міндеті тұр. Ауданымыздың әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз. Өңіріміздегі партияның әрбір бастамасына куә болып келе жатқан Сіздерді ондағы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырамын, – деді үміткер Мұстафаева Қаншагүл кездесу барысында.

#NurOtan

#NurOtanZhalagash

#NurOtanДауысБер

#ГолосуйЗаNurOtan

0
0
323

Осы тақырып бойынша

Мәдениет ауылында өнер мектебі ашылмақ - Yvision.kz