Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құмарық ауылында көпбалалы аналармен кездесу.

"Nur Otan" партиясы сайлауалды штабының үгіт насихат жұмыстары əр саланы қамтып, əр түрлі деңгейде жүргізіліп жатыр. Сондай үгіт насихат жұмысының бірі Құмарық ауылында өтті. Іс шарада облыстық мəслихат депутаттығына кандидаттар Аралбек Қораласбаев, Сұлукуль Дәлібаева, Дүйсен Бықыбаева ауылдағы көп балалы аналармен кездесті. Кездесуде көп балалы аналармен əңгімелесіп, аудандық партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партияның 4 басымдығының бірі осы аналар мəселесі яғни, əлеуметтік мəселе екендігіне тоқталды. Аналар тарапынан қойылған түйткілді сауалдарға жауап беріп, өз ойларымен де бөлісті. Қай уақытта да көп балалы аналарға көрсетілетін қамқорлық шектеусіз екендігіне тағы бір тоқтала келе, алдағы науқанда жеңісті тұғырдан көрінуге аналар ризашылығын алып тарқасты.

0
0
146

Осы тақырып бойынша

Құмарық ауылында көпбалалы аналармен кездесу. - Yvision.kz