Мазмұнға өту

Жаңа

«Халыққа көмек» жобасы аясында тұрғындарды қабылдады

#𝐐𝐨𝐠𝐚𝐦𝐝𝐲𝐤𝐐𝐚𝐛𝐲𝐥𝐝𝐚𝐲𝐁𝐨𝐥𝐦𝐞𝐬𝐢

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидат  Н.Хусайнов «Халыққа көмек» жобасы аясында тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында азаматшаның өтініші тыңдалып, заң тұрғысында кеңестер берілді. Сонымен қатар,  "Nur Otan" партиясының Құрманғазы  ауданының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

0
0
180

"Аделя" шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті.

бағдарламаларын, шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты жұмыстарды сөз етті.Айта кетейік,  аумағы 11 гектарды құрайтын "Аделя"  шаруа қожалығының жылыжайы соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған.  Ерекшелігі сол көкөністің өсіп жетілуіне ешбір химикат қолданылмайды.  Жылына үш рет өнім алуға болатын нысанда 200-ге тарта жұмысшы еңбек етеді. Тамшылатып суару, жылыту секілді жұмыстар компьютермен басқарылады.  Мұнда жылына 8500 тоннадан астам өнім алуға мүмкіндік бар. Әзірге жылыжайда көкөністердің голландиялық сұрпы өндірілуде.Ерікті жастар тарапынан үгіт насихат үнқағаздары таратылып, түсіндірілді.

0
0
133

«Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен өткен келелі кездесу

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Родина ауылында «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездесу ұйымдастырды.

«Родина» агрофирмасы көпсалалы ауыл шаруашылығы, мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Аталмыш ауылдық округіне Родина, Садовая, Зеленый Гай ауылдары жатады. Ауыл тұрғындарының дерлігі жұмыспен қамтылған. Ең бастысы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуда қолайлы жағдай жасалған. Ауылда жұмысқа тұрған мұғалім, дәрігер, учаскелік полицей және тағы басқа мамандық иелерін агрофирма баспанамен қамтамасыз етеді. «Родина» Агрофирмасының өнімдері өзінің жоғары сапалы өнімдерімен көпшілікке белгілі. Родина ауылы өңірдегі ауылшаруашылық бағытта дамыған жайлы ауыл. Ынтымағы жарасқан ауылдың тұрғындарының берекесі жарасымды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездесу барысында «Nur Otan» партиясының рөлі мен міндеттері туралы кеңінен әңгімелеп, партияның сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырып, басты бағыттарына тоқталып өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный ауыл тұрғындарымен жүздесу барысында ауыл тұрғындарымен, еңбек ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерімен, аманаттарымен танысты. Келелі кездесуде еңбек ұжымына үміткер сайлауалды бағдарламаның жеті бағытында көрсетілген алдағы оң шешімін табатын міндеттерімен, өңірде қолға алынатын жобалармен де таныстырып өтті. Кәсіпкерлік саласында тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдау алғанын жеткізген кандидат Б.Н. Безвербный «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарында өңірдің саяси-экономикалық дамуы бойынша барлық сала қамтылғанын ерекше назар аудартты.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін жыл сайын пайдалану, оның ішінде жобаларды субсидиялау, жобаларға кепілдік беру және грант ұсыну, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын мемлекеттік грант, микрокредит бөлу, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 13 жаңа бизнес – жобаны несилеу мақұлданғаны сынды маңызды бағыттар қарастырылғанын атап өтіп, кандидат тұрғындарды толғандырған сауалдарын тыңдап, оларға нақты жауаптар берді. Өз кезегінде тұрғындар партияның сайлауалды бағдарламаларын қолдайтындарын жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный партия алдындағы міндеттердің бірі 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру бойынша (жыл сайын орта есеппен 1100-ге жуық) және жалпы жұмыссыздық деңгейін 0,03% – ға дейін төмендету міндеті қойылғанын жеткізіп, аудандағы атқарылатын іргелі істерді тиек етті. Атап айтқанда, Қосшы, Қабанбай батыр, Р.Қошқарбаев, Оразақ, Талапкер ауылдық округтерінің аумағында көкөніс және жем-шөп дақылдары картобының көбірек өнімін алу үшін 5 мың га суармалы жер алаңын кезең-кезеңімен кеңейтуді жақтап шығу, 2025 жылға дейін 7 ауылдық округте (Қоянды, Жаңаесіл, Мәншүк, Софиевка, Приречное, Қабанбай батыр, Арайлы) 35 мал шаруашылығы базасы салынады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу. 5 жыл ішінде 3 ауылдық округте (Арайлы –«Wessar» ЖШС, Қабанбай батыр – «Грин Стар» ЖШС, Талапкер – «Табыс» ӨК) 3 астық қоймасы мен көкөніс қоймасы салынып, қайта жаңғыртылатын болады. Тұқым себу алаңын 2025 жылға қарай 3 репродукциядан төмен емес 90%-ға дейін ұлғайту көзделген. Минералды тыңайтқыштарды қолдану алаңын 2025 жылға қарай 91 мың гектарға дейін ұлғайту. Өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану алаңын 2025 жылға қарай 100% – ға дейін және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашу үшін жағдай жасау қарастырылған. Бұдан бөлек өңірде 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен 3 қайта өңдеу кәсіпорны ашылады, оның ішінде «Муртук» ЖШС ет өңдеу жартылай фабрикаттар шығару, 500 басқа арналған «Ен Дала» ЖШС сүт кешенін іске қосу, «Сивка Бурка» ШҚ ет және қымыз өңдеу, 2025 жылға дейін Айбарыс ШҚ бордақылау алаңының фермасын 2000 бастан 5000 басқа дейін кеңейту қолға алынатын болады.

Родина ауылдық округінде өткен үгіт-насихат кездесуінде тұрғындар өз кезегінде партияның сайлауалды бағдарламаларын жан-жақты қолдайтындықтарын бірауыздан құптады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный 2021 жылдың 10 қаңтары күні сайлауға қатысып, азаматтық көзқарастарын танытуларына «Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деп, партияға дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы
сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://aqmolanews.kz/kk/2020/12/18/agrofirma-rodina-jshs-uzhymymen-otken-keleli-kezdesy/

0
0
138

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда..

Үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізіп жатқан «Nur Otan» партиясының жезқазғандық кандидаттары  мен олардың сенімді өкілдері Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен іске қосылған «Ютария LTD» өндірістік-инновациялық компаниясының тігін цехында болды.

Жеңіл өнеркәсіп саласы қызметкерлерімен кездесуге келгендердің қатарында Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Силар Қияқбаев, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бауыржан Шыңғысов пен Төреқожа Тілемісовтің сенімді өкілдері Асқар Нұржанов пен Айгүл Туғанбекова бар. Еркін форматта өткен жиынның алғысөзін алған Силар Қияқбаев еліміздің жетекші партиясы «Nur Otan»-ның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Еліміздің көшбасшы партиясы өз бағдарламасында әрбір қазақстандыққа лайықты өмір сыйлауды мақсат еткен.

Агитационная встреча доверенных лиц кандидатов в депутаты Карагандинского областного маслихата Бауыржана Шингисова, Торекожи Тлемисова, кандидата в областной маслихата  Силара Киякпаева с коллективом ТОО ПИК "Ютария Ltd" носила информативный характер. Агатационные листовки и брошюры содержали основную информацию касательно предвыборной программы партии "Nur Otan" до 2025 года. Коллектив компании "Ютария Ltd" внимательно ознакомился с платформой партии и выразил уверенность в справедливых и честных предстоящих  выборах. Дела партии "Nut Otan" олицетворяют реальную помощь и поддержку  казахстанцам со времен обретения страной  независимости. Год от года доверие к партии растет, а уже внедренные проекты партии улучшают нашу с Вами жизнь,делая ее комфортной и достойной.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021 

0
0
181

Сауда үйінде экспромт кездесумен жалғасты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Родина ауылында «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездескен соң Родина ауылындағы «Наша Родина» сауда үйінде тұрғындармен экспромт кездесуін жалғастырды.

Аталмыш сауда үйінде жергілікті агрофирманың сүт өнімдерімен, халық тұтынатын азық-түлік өнімдері саудаланады.

Павел Николаевич Безвербный дәл осы экспромт кездесу аясында ауыл халқымен жүзбе-жүз кездесіп, сауда үйінде тұтынушылардың толғандыратын көптеген сұрақтарына жауап берді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат П.Н. Безвербный өз кезегінде ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, оларды шешуге дайын екендігін жеткізе келе, әр сайлаушының дауысы маңызды, сайлаушылардың таңдауы – бүкіл елдің болашағын таңдау екендігін ескеріп өтті. Кандидат «Nur Otan» партиясының еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екенін айтып, тұрғындарды мазалаған мәселелері жөнінде сұрады. Сауда үйінде аяқ астынан жүздескен ауыл тұрғындары да осындай жаңа форматта ұйымдастырылған кездесуге риза болып, өз тараптарынан алғысын білдіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өңірдегі оңды өзгерістермен, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында атқарылар игі бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін осындай азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.
Бұдан бөлек кандидат сауда үйінің қызметкерлері, сатушыларымен әңгімелесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырып, қызметкерлердің әрқайсысының жеке мәселелерін тыңдады. Ондағы мақсаты – тұрғындардың назарына «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіру.
Тұрғындар әсіресе сайлауалды бағдарламаның 7 бағытында қарастырылған міндеттердің басымдылықтарына сенім білдіретіндіктерін жеткізді. Родина ауылдық округі халқы бағдарламада көрсетілген « Жайлы ауданның» өзін осы Родина ауылынан көріп отырғандықтарын да жасырмады. Олай дейтініміз, мұнда еңбек етемін деген жанға қолайлы жағдай жасалған. Ауылдың өзінде мәдениет үйі, полиция бөлімі, жабық хоккей корты, сән салоны, кiтапхана, мәдени және демалу саябағы, сүт зауыты сияқты нысандары, көшелердің барлығында бейнекамералар бар. Ал өз кезегінде «Агрофирма «Родина» ЖШС» директоры Иван Адамович Сауэр осы ауылдың өркендеп-өсуіне бар күш-жігерін, білімін жұмсады. Бүгінде Родина ауылы өңірдегі үздік елдімекендердің қатарында өзге ауылдарға үлгі. Жұмыссыздық жоқ, әлеуметтік мәселелер шешілген.

Барлық мекемелер үздіксіз қызмет көрсетуде. Серіктестік өнімдерін елорда тұрғындары табиғи таза, сапасы жоғары өнім ретінде тұтынып отыр.

Экспромт кездесуде кандидат П.Н. Безвербный әр ауданның әлеуеті мен проблемалық мәселелері сараланған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында халықтың пікірі де кеңінен ескерілгенін айта кетті. Мысалы, аудан тұрғындарының алаңдатқан таза ауыз су, сапалы инфрақұрлым мен тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселелерінің шешу жолдары қарастырылып отыр. Сонымен бірге, ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған нақты шаралар да жоспарланған. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының басты жетістіктері мен алдағы жетістікке жетелейтін жобалары, жүзеге асыруды көздейтін істері жазылған үгіт-насихат парақтары таратылды.
Толайым жетісітіктеге жетелейтін партияның алға қойған міндеті де халықтың әл-ауқатын жақсарту. Партияның сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлерге қолдау таныту шарасы негізгі басымдық ретінде қарастырылған. Бұл үшін партия 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында жобаларды субсидиялауды ұлғайту, төмен пайыздық несиелеу, грант бөлу, бизнес негіздеріне оқыту, базар салу, ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізетін нүктелерді көбейту, құс еті өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыру, жылыжай салу, бордақылау алаңдарын ашу, жергілікті азық-түлік өнімдерін дүкен сөрелерінде орын алуына ықпал етеді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясындағы экспромт кездесу соңында барлық мәселелер басты назарда болатындығын ескеріп, «Сіз біз болып қиындықты еңсере отырып, жеңіске бірге жетейік!»- деді. Ауыл тұрғындары «Nur Otan» партиясына өз дауыстарын беруге ниет білдірді.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы
сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://aqmolanews.kz/kk/2020/12/18/sayda-ujinde-%D1%8Dkspromt-kezdesymen-zhalgasty/

0
0
138

Үміткер тікелей эфирде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный Целиноград ауданындағы үгіт-насихат жұмысы бірнеше бағытта ұйымдастырылып, Родина ауылдық округіндегі тұрғындармен кездесулерінен кейін әлеуметтік желі арқылы «Үміткерге сауал қой» атты тікелей эфирмен ұласты.
Осы орайда, «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желідегі тікелей эфирлері «Фейсбук», «Инстаграм» желісінде аудан тұрғындарымен онлаин форматта жүздесіп, сауалына жауабын берді. «Үміткерге сауал қойыңыз» тақырыппенен басталған «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желісінде желі қолданушылар, әрі сайлаушылар, үйден шықпай-ақ ұялы телефонымен желіге қосылып, кандидатқа өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды. Жалғасы сұрақ-жауап алмасу форматына жалғасып, тұрғындар тарапынан партияның сайлауалды бағдарламасындағы жұмыстар бойынша, оның ішінде тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласымен жол сапасын арттыру мәселелері жайында сауалдарын жеткізіп, үміткер тарапанына қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Сауалдар әр түрлі тақырыптар жайлы өрбіді. Кандитат П.Н. Безвербный партия сайлауалды бағдарламасында қарастырылған негізгі 7 бағыттың басымдылықтары бойынша да атқарылатын іргелі істерге кеңінен тоқталды. Ең алдымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында Целиноград ауданы тұрғындарына қатысты маңызды бағыттарын атап өтіп, негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталды. Білім саласындағы оңды өзгерістерді де тілге тиек етті. 2021 жылдан 2025 жылға дейін 1 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен 100% қамту, педагогтердің 66,3% – ын аттестаттаудың жаңа жүйесімен қамту. Денсаулық саласы бойынша 2025 жылға дейін 3 ауылда (Жарлыкөл, Жалғызқұдық және Нұресіл ауылдары) медициналық мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге қол жеткізілетіндігі жайлы ауылдарды электр энергиясымен қамту алдағы жылы Р. Қошқарбаев, Тайтөбе ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, 2022 жылы Қараөткел, Қаражар, Қосшы ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, 2023 жылы Қоянды, Шұбар ауылдарында электрмен жабдықтау желілерін салу, 2024 жылы Аққайың ауылында электрмен жабдықтау желілерін салу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.
Тікелей эфир соңында әр қойылған сауалдар бойынша тиісінше «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылғанын ескере келе, кандидат сауалдарды өз назарына алатындығын жеткізіп, 2021 жылы 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы
сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://aqmolanews.kz/kk/2020/12/18/umitker-tikelej-%D1%8Dfirde/

0
0
130