Жаңа
Күршім аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Кенжеханов Аян Кенжеханұлы қабылдау жүргізді.
2020 жылы 21 желтоқсаны күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Бурабай ауылдық клубында Күршім аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Кенжеханов Аян Кенжеханұлы қабылдау жүргізді. Қабылдауда Теректібұлақ ауылының тұрғыны Рахымжанов Марал Күршім-Маралды тас жолының құрылысы қашан аяқталады деп сауал жолдады, Дәулетханова Альфия Бурабай ауылының тұрғыны көпбалалы ана ретінде ауданда тұрғызылып жатқан үйге кезекке тұруға және А.Тұрсынханова ауылға газ құбыры тартылса, Сәбиева Жұлдыз дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесі мен көтерме жәрдемақы алуға көмектесуін сұрады.
Қабылдау өтті
2020 жылы 20 желтоқсаны күні сағат 15.00-17.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Марқакөл ауылдық мәдениет үйінде Күршім аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Баяндинов Азамат Тусупбекұлы қабылдау жүргізді. Қабылдауда Мәнен Медет жастарды ауылға тарту мақсатында жұмыс орындары ашылса, Нарын Абай дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесі мен көтерме жәрдемақы алуға көмектесуін сұрады.
Бүгін партияның Мұғалжар аудандық филиалында филиал төрағасы, аудан әкімі Ербол Данағұлов
Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында онлайн транцляциясы арқылы тұрғындарды қабылдады.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Власенко Валерий Алексеевич пен белсенді партия мүшесі Исмагамбетова Любовь Кабылгужиевна «Nur Otan» партиясының сайлауалды бес жылдық бағдарламасын түсіндіру мақсатында ауыл тұрғындарымен онлайн транцляциясы арқылы кездесті.
Кездесу барысында ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫНА жеке-жеке тоқталып түсіндірілді.
1.Экономикалық тұрақты аудан.
2.Өмір сүруге жайлы аудан.
3.Әлеуметтік-бағытталған аудан.
4.Жастар үшін аудан.
5. Тарих пен мәдениеттің дамуы.
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.
7.Қауіпсіз аудан.
“Nur Otan” партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында дәл осы 7 даму бағытын айқындады. Оның басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсартуға жағдай жасау болып табылады.
Жастармен кездесу өткізді
Қабылдау жүргізілді
Ағымдағы жылы 20 желтоқсаны күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Марқакөл ауылдық мәдениет үйінде Күршім аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Иқамбаев Бауыржан Амантайұлы қабылдау жүргізді. Қабылдауда Молдабаева Назипа Копеновна ауыл көшелері жарықтандырылса, Жукенов Ержан Жанибекович жол жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Мухатаева Саяжан Жарқынбековна көпқабатты үйлерге жылу жүйесі орнатылса деген өтініштерін білдірді.
Спортшылармен кездесті
Алдымен үміткерлер ауданның сайлауалды бағдарламасындағы спорт саласына жасалатын жағдайларға тоқталды. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы ұсынып отырған басты басымдылықтар туралы айтып, нақты істер партиясына дауыс беруге шақырды.
"Есіктен есікке" акциясы Қалжыр ауылдық округінде
"Есіктен есікке" акциясы аясында Қалжыр ауылдық округінде "Nur Otan" партиясының белсенділерімен үгіт материалдарын жапсыру жұмыстары жалғасуда.
#NurOtan
#NurOtankurchum
#Сайлау