#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар
Бүгін жоспарға сәйкес, "Нұр Отан" партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің және Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлермен бірге "Мақтаарал" мәдениет үйінде білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен бас қостық.
Кездесудің негізгі мақсаты - партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ұстаздарымыз бен дәрігерлеріміздің ұсыныс-тілектерін тыңдау болатын. Жиын барысында ұстаздар мен дәрігерлеріміз өздерін толғандырып жүрген ұсыныстарын айтып, алдағы уақытта "Nur Otan" партиясы аталған мәселелерді шешетініне сенімдерін білдірді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы игі бастамаларды жүзеге асырып келе жатқан жетекші саяси партияны қашанда қолдайтындарын айтты.
Өздеріңізге белгі, "Nur Otan" партиясы осындай кездесулер өткізу арқылы халыққа бұрынғыдан да жақындай түсті.
