Мазмұнға өту

Жаңа

"Есіктен - есікке" акциясы

Үгіт-насихат жұмыстарын Бәйгетөбе ауылдық округіндегі баспаналардың бірінен бастаған үміткерлер «Қазақстанның басты 7 жетістігі», «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» тақырыбындағы үнпарақтарды үлестірді. Сондай-ақ, тұрғындармен жеке-жеке сөйлесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Акция барысында бас партия өкілдері мақаттықтарды лайықты таңдау жасауға шақырды.

Жалпы «Есіктен-есікке» акциясы партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып қана қоймай, халықтың қажеттілігін үйіне барып тыңдауды мақсат етеді. Кездесу барысында тұрғындар сайлаудың өту барысын, дауыс беру нұсқаулықтарын сұрастырып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ал, үміткерлер халықтың барлық ұсыныстары мен ескертулері қаралып, алдағы жұмыс барысында ескерілетінін айтты.

"Кездесулерде “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында өтетін сайлауда “Nur Otan” партиясы өкілдеріне дауыс беруге шақырдық. Жалпы тұрғындардың пікірі өте жақсы. Олар бізге түсіністікпен қарап, сайлау күні учаскелерге келіп дауыс береміз деген пікірлерін білдірді", – дейді Б.Тиышбаева.

Үміткерлермен кездесу барысында тұрғындар алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді. Ал, аудан аумағында «Есіктен есікке» акциясы қаңтар айының басына дейін жалғаспақ.

0
0
210

Күршім аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Кенжеханов Аян Кенжеханұлы қабылдау жүргізді.

2020 жылы 21 желтоқсаны күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Бурабай ауылдық клубында Күршім аудандық мәслихат депутаттығына  үміткер Кенжеханов Аян Кенжеханұлы  қабылдау жүргізді. Қабылдауда Теректібұлақ ауылының тұрғыны Рахымжанов Марал Күршім-Маралды тас жолының құрылысы қашан аяқталады деп сауал жолдады, Дәулетханова Альфия Бурабай ауылының тұрғыны көпбалалы ана ретінде ауданда тұрғызылып жатқан үйге кезекке тұруға  және А.Тұрсынханова ауылға газ құбыры тартылса, Сәбиева Жұлдыз дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесі мен көтерме жәрдемақы алуға көмектесуін сұрады.

0
0
216

Қабылдау өтті

2020 жылы 20 желтоқсаны күні сағат 15.00-17.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Марқакөл ауылдық мәдениет үйінде Күршім аудандық мәслихат депутаттығына  үміткер Баяндинов Азамат Тусупбекұлы қабылдау жүргізді. Қабылдауда Мәнен Медет жастарды ауылға тарту мақсатында жұмыс орындары ашылса, Нарын Абай  дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесі мен көтерме жәрдемақы алуға көмектесуін сұрады.

0
0
117

Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында онлайн транцляциясы арқылы тұрғындарды қабылдады.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Власенко Валерий Алексеевич пен белсенді партия мүшесі Исмагамбетова Любовь Кабылгужиевна  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бес жылдық бағдарламасын түсіндіру мақсатында ауыл тұрғындарымен онлайн транцляциясы арқылы кездесті. 

Кездесу барысында ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫНА жеке-жеке тоқталып түсіндірілді.

1.Экономикалық тұрақты аудан.

2.Өмір сүруге жайлы аудан.

3.Әлеуметтік-бағытталған аудан.

4.Жастар үшін аудан.

5. Тарих пен  мәдениеттің дамуы.

6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.

7.Қауіпсіз аудан.

“Nur Otan” партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында дәл осы 7 даму бағытын айқындады. Оның басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсартуға жағдай жасау болып табылады.

0
0
136

Қабылдау жүргізілді

Ағымдағы жылы 20 желтоқсаны күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Марқакөл ауылдық мәдениет үйінде Күршім аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Иқамбаев Бауыржан Амантайұлы қабылдау жүргізді. Қабылдауда Молдабаева Назипа Копеновна ауыл көшелері жарықтандырылса, Жукенов Ержан Жанибекович  жол жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Мухатаева Саяжан Жарқынбековна  көпқабатты үйлерге жылу жүйесі орнатылса деген өтініштерін білдірді.

0
0
119

Спортшылармен кездесті

Алдымен үміткерлер ауданның сайлауалды бағдарламасындағы спорт саласына жасалатын жағдайларға тоқталды. Сондай-ақ, «Nur Otan»  партиясы ұсынып отырған басты басымдылықтар туралы айтып, нақты істер партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
172