Тұрғындармен кездесу
"Есіктен есікке" акциясы аясында қалалық мәслихатқа үміткер Қанағат Мыңтұрғановтың сенімді өкілі Аманғали Сәрсенбай "Өркен" шағын ауданының бірнеше үйіне кіріп шықты.
“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстарын жүргізді.
Ал екінші кандидат Батыржан Қорғанбаев болса «Өркен» шағынауданының басқа бірқатар үйіне, азық-түлік дүкендерге соғып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізілетіні айтылды. Жалпы көптеген мәселені шешу шарасы партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылған.



