Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есіктен-есікке

Қарттарым аман болсыншы.

Аудандағы еңбек ардагеріміз Жұмағалиев Шайдолла ағамыздың шаңырағында болып кездесу бақыты бұйырды. Менімен бірге аудандық орталықтандырған кітапхана жүйесінің директоры аудандық маслихатқа үміткер Айнұр Жасланқызы мен өзімнің сенімді өкілім Ақкүміс Хамитқызы және Ресурстық орталықтың операторы Даурен Махметұлы барды. Шайдолла ағамыз Ұлы Отан соғысынан оралмаған отты жырларымен отқа оранған аяулы ақын Абдолла Жұмағалиевтің інісі болып келеді. Ақынның жанашыры, бауыры ретінде көп көмектесіп ақын атының өшпеуі жолында қашанда ізденісте жүретін абзал жан. Бүгінде ауданымыздың сыйлы ардагері аудандық игі шаралардың басы қасында жүретін көзқарақты белсенді жан. Жастарға айтары бар қазыналы қариямызды тәуелсіздік күнімен құттықтап, сайлауалды үгіт насихат жұмыстарының аяқ алысын баяндап кездесіп қайттық. Ағайдың ойындағы жүрген мәселелерінде үнемі естіп жүреміз. Қазыргі қоғамдағы әлеуеттің әлеуметтік теңсіздігін, ақша құнының жоқтығын, азық түліктің қымбаттауының тоқтауын, төменгі жалақының тым аздығын жалпы алғанда халықтың жақсы өмір сүруіне барлық жағдай жасауға еліміздің күш қуаты жететіне сенімді. Тек осы жолда дұрыс таңдаулар мен байламдар, әділ шешімдер қажет деп отыр. Алдағы сайлауға отбасымен баратынын, ал біздерге сәттілік пен жеңіс тілеген ағайымызға бізде шаңырағына шаттық, ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тіледік. Аман болайық. Сайлауда кездескенше.

0
0
164

Осы тақырып бойынша