Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткерлер кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін "Nur Otan" партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұстафаева Қаншагүл, Кенжебаев Ахан, Бақбергенұлы Ерхан, Мамзадаева Құралай, Қожанияз Алпамыстар ауданымыздағы кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Келелі кездесуде «Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы Жалағаш ауданының артықшылықтарының әлеуетін пайдаланатын боламыз. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: Мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеуші кәсіпорындар ашуға, оның ішінде:

 2021 жылы 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өңдеу цехын ашуға;

 2021 жылы «БИС Групп» ЖШС-нің мия тамырын өңдеу зауытын қайта іске қосуға;

 2022 жылы асыл тұқымды ешкілер санын көбейту арқылы ет өндіру және ешкі сүтін өндеу цехын ашуға;

 2022 жылы шөп түйіршіктелген өндіру цехын ашуға;

 2022 жылы картоннан қағаз өнімдерін шығаруға;

 2022 жылы жүннен көрпе, көрпеше жасау цехын ашу;

 2022 жылы асфальт бетон зауытын іске қосу;

 2022 жылы жеке медициналық орталығын ашу;

 2022 жылы жарық шамдарын шығаратын цехын;

 2022 жылы комбикорм өндіретін және тәулігіне 60 тонна күрішті өндеу цехын ашуға;

 2022 жылы жиһаз өндіру цехын ашуға;

 2023 жылы күйдірілген кірпіш өндіру зауытын (қуаттылығы тәулігіне 5 мың кірпіш) ашуға;

 2022 жылы сүт өнімдерін өндіру цехын ашуға;

 2025 жылы құс етін өндіру цехын ашуға;

 2025 жылы бақша дақылдарын өндеу цехын ашуға ықпал етеді. Бұл шаралар 2025 жылға қарай 4,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға және жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыздан 4,7 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді» - деді үміткер Қаншагүл Мұстафаева.

Кездесуге барысында қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға тұщымды жауаптар беріліп, 10 қаңтар күні болатын сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

#NurOtan

#NurOtanZhalagash

#NurOtanДауысБер

#ГолосуйЗаNurOtan

0
0
204

Осы тақырып бойынша

Үміткерлер кәсіпкерлермен кездесті - Yvision.kz