Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біздің үміткер» айдарының кейіпкері – Әбілқас Мержан Завушұлы.

«Біздің үміткер» айдарының кейіпкері – Әбілқас Мержан Завушұлы.

1994 жылы 8 маусымда дүниеге келген. 2015-2019 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде (кәсіптік білім), Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (тағам қауіпсіздігі), Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде білім алған.

2011 жылдан бастап еңбектің дәмін татқан Мержан Завушұлы бүгінгі күнге дейін Қазақстан студенттері Альянсының белсенді мүшесі, «Орал студенттерінің Альянсы» КҚ менеджері, Орал студенттері Альянсының көшбасшысы, «Болашақ жастардікі» облыстық жастар қоғамдық қорының директоры, «Орал студенттерінің Альянсы» КҚ-ның атқарушы директоры, БҚО Жастар мәслихатының хатшысы, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы» республикалық штабы» ҚҚ-ның президенті, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қоғамдық кеңестің жастар саясаты жөніндегі комиссия төрағасы, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары, кейін басшысы, «Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасының менеджері қызметтерін жүйелі атқарды.

М.Әбілқас 2017 жылдан бері «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Белсенді жастың ауыз толтырып айтарлық жетістіктері де молынан. Көптеген алғыс хаттармен марапатталған, БҚО әкімінің «Жыл үздігі – 2014» сыйлығының «Үздік жас көшбасшы» номинациясы бойынша лауреаты, Студенттік өзін-өзі басқару тақырыбы бойынша халықаралық және «Бизнес тренер», «Кәсіби ментор» сертификаттарының иегері.

Өмірлік ұстанымынан айнымаған Мержан Завушұлының іскерлік қабілеті оның жауапкершілігі мол тұлға екенін байқатады.

Герой рубрики "Наш кандидат" Әбілқас Мержан Завушұлы.

Он родился 8 июня 1994 года в селе Кособа Сырымскомго района ЗКО.

Успешно окончив школу, поступил в ЗКАТУ им.Жангир хана по специальности «Профессиональное обучение», далее в магистратуру Казахского национального аграрного университета, затем окончил Казахстанский университет инновационных и телекоммуникационных систем по специальности «Юриспруденция». Со студенческих времен начал свою активную деятельность в общественных организациях. Прошел весь путь от волонтера республиканского студенческого движения «Альянс студентов Казахстана» до президента республиканского штаба. Был руководителем нескольких молодежных общественных орагнизациях. Работал президентом ОО «Альянс студентов Казахстана», руководителем КГУ «Ресурсного центра по работе с молодежью ЗКО». Он также работал в проекте развития молодежного корпуса Zhasproject, при котором сотни молодежи ЗКО получили гранты для реализации своих бизнес идей. С прошлого года ведет свою предпринимательскую деятельность в области туризма, спецтехники , полиграфии и в сфере продаж. Обладатель множества благодарственных писем от председателей региональных, республиканских молодежных организации, местных исполнительных органов Первого Президента РК Н. Назарбаева, акимов области и города. Лауреат премий акима ЗКО в конкурсе «Жыл үздігі - 2014» в номинации «Лучший молодой лидер-2014». Вместе с женой воспитывают сына.

0
0
211

Осы тақырып бойынша

«Біздің үміткер» айдарының кейіпкері – Әбілқас Мержан Завушұлы. - Yvision.kz