«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Сыр өңіріне ат басын тіреді.
Өңірдегі кәсіпкер әйелдермен кездесу барысында партиямыздың таяудағы 5 жылға арналған сайлауалды бастамалары әңгіме арқауына айналды.Бұл орайда біз Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша атқарушы, өкілді, сот органдары мен квазимемлекеттік секторда басшылықтағы әйелдердің үлесін 30%-ке дейін ұлғайтуды ниет етіп отырмыз.Сонымен қатар Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығын құру, әйелдерді жеңілдетілген несиемен және гранттармен қамтамасыз ету секілді істер де жоспарланып жатыр.Сондай-ақ, еліміздің өңірлері, қалалары мен аудандары бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтер мен әр түрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік мәселелерін қамтитын Гендерлік қажеттіліктер картасы әзірленеді.Жалпы, жеке бизнесін ашу үшін 50 мың азаматқа шағын несие беріледі…