Партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттайтын
Көксу ауданы мәслихатының депутаты болуға үміткерлер ауданға қарасты ауылдық округ тұрғындарының шаңырақтарына барды. Партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламамен таныстырып, үнпарақтар таратты. Халықтың өмірі, еңбегі, денсаулығы, білімі, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізді. Осы бағыттарда көптеген жобалар жасақталып, партия орындалуына ықпал ететінін жеткізді. Кездесу соңында 10 қаңтарда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеу жұмыстарын жүргізді.
