Мазмұнға өту

Жаңа

Баймырза ауылдық округі тұрғындарымен кездесу

☑️Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұргүл Досаева мен Виталий Жуковин партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Изатова Бибігүлмен бірге сайлау алдындағы үгіт жұмысы аясында Баймырза ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.

🔛Іс-шара барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары түсіндірілді.

✔️Сондай-ақ, кездесуде тұрғындарға округтегі проблемалық мәселелерді талқылау ұсынылды.

➰Кандидаттар үгіт буклеттерін таратып, алдағы сайлауда "Nur Otan "партиясына дауыс беруге шақырды.

☑️Кандидаты в депутаты районного маслихата, Нургуль Досаева и Виталий Жуковин , совместно с первым заместителем председателя районного филиала партии Бибигуль Изатовой, в рамках агитационной предвыборной работы, провели встречу с населением сельского округа Баймырза.

🔛В ходе мероприятия были разъяснены основные приоритеты Предвыборной программы партии «Nur Otan”.

✔️Так же на встрече населению было предложено обсудить проблемные вопросы, имеющиеся в округе.

➰Кандидаты раздали агитационные буклеты, и призвали проголосовать на предстоящих выборах за партию «Nur Otan “.

0
0
132

"Іскер Company" ЖШС қызметкерлерімен өткен кездесу.

"Іскер Company" ЖШС ұжымымен облыс және аудан депутаттығына үміткерлер Т.Касымбекова, В.Тен, Е.Константинова, Б.Сүнбеков кездесу өткізді. Кездесуге кәсіпорын қызметкерлері, БАҚ қатысты.

Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
154

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Сыр өңіріне ат басын тіреді.

Өңірдегі кәсіпкер әйелдермен кездесу барысында партиямыздың таяудағы 5 жылға арналған сайлауалды бастамалары әңгіме арқауына айналды.

Бұл орайда біз Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша атқарушы, өкілді, сот органдары мен квазимемлекеттік секторда басшылықтағы әйелдердің үлесін 30%-ке дейін ұлғайтуды ниет етіп отырмыз.

Сонымен қатар Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығын құру, әйелдерді жеңілдетілген несиемен және гранттармен қамтамасыз ету секілді істер де жоспарланып жатыр.

Сондай-ақ, еліміздің өңірлері, қалалары мен аудандары бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтер мен әр түрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік мәселелерін қамтитын Гендерлік қажеттіліктер картасы әзірленеді.

Жалпы, жеке бизнесін ашу үшін 50 мың азаматқа шағын несие беріледі, оның ішінде жалпы сомасы 250 млрд. теңге болатын несие 42 мың ауылдық азаматқа бағытталады.

Сапар барысында Сыр өңіріндегі Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен де кездестік. Басқосуда елдегі демократияның өрістеуіне жол ашатын жауапты азаматтық қоғамды дамыту мәселелері көтеріліп, осы бағыттағы бірқатар ойлар ортаға салынды.

Бұл ретте партиямыз «Жауапты азамат – жауапты қоғам – жауапты мемлекет» формуласы бойынша жалпыға ортақ жауапкершілік тұжырымдамасын ұсынып отыр.

Сонымен қатар «Nur Otan» елдегі өзекті мәселелерді бірлесе шешу мен мемлекетті дамыту ісіне азаматтық белсенділерді қарқынды түрде  араластыруды жоспарлауда.

Бұл жұмыстар жүйелі жүруі үшін Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы әзірленетін болады. Аталған құжатта ауыл әкімдерін тікелей сайлау, олардың сайлаушылар алдындағы есептілігі, «халық қатысатын» бюджетті ендіру, жергілікті салық пен төлемдер ставкаларын өзгерту құқығы, жергілікті өзін-өзі басқаруды азаматтық қадағалау және тағы да басқа да мәселелер қамтылады.

Біз елімізде саяси диалог жасау мәдениетін жүйелі түрде дамытатын боламыз. Бұл үшін «Қоғамдық бақылау туралы» Заң қабылдау жоспарлануда. Бұл заңда қоғамдық сараптама жүргізу мен бақылау тәртібі, азаматтық бастамалар мен онлайн-петицияларға жол ашу секілді тетіктер көзделеді.

Сондай-ақ, партия азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, экологиялық мәселелерді шешу, табиғатқа аялай қарау мәдениетін күшейту жайына жіті мән беріп, маңызды міндеттерінің бірі ретінде басымдық беріп отыр.

Жалпы, өңір халқымен кездесуде ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, аграрлық саланы дамыту жайы да көтеріліп, жан-жақты талқыланды.

Осы жәйттер ескеріле отырып, «Nur Otan»-ның өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында 20-дан астам елді мекеннің 7 мыңдай тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жаңадан 27 денсаулық сақтау нысанын салу, облыста 67 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Өңірдің тұрмыс-тіршілігінде ерекше маңызы бар Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасын іске асыру да ары қарай өз жалғасын табады.

Қашанда елдіктің ұйытқысы болып, әлеумет қамын күйттеген ауқымды жобаларды атқарып жүрген нақты істер партиясы - «Nur Otan»-ға дауыс беріңіз!

0
0
162

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысына ат басын тіреді.

Көкшетау қаласында жас мамандармен және «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен бірге жастардың өз қабілеттерін іске асыруына жағдай жасау, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізу мен жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.

«Nur Otan»  жоғары білім алу үшін гранттардың санын кемінде 50%-ке ұлғайтуға ықпал етеді. Жыл сайын 75 мың жас қазақстандық тегін жоғары білім ала алады.

Бұл ретте 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде білім алу тегін болады.

Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін – 1,5 есе көтеру, колледждер мен университеттер жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізу көзделуде.

Жылына 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасын іске қосу жоспарлануда. Жас кәсіпкерлердің жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыруы үшін жыл сайын 10 мың грант ұсынылады.

Сонымен қатар ауыл шаруашылық техникасын құрастыру зауытының жұмысшыларымен кездесті.

Таяудағы 5 жылда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу бойынша 7 ірі агроөнеркәсіптік экожүйені іске қосу, 350 мың фермерлік және үй шаруашылығын тартып, жұмыспен қамту көзделіп отыр. Жаңадан 600 мың гектар суармалы жерді игеру есебінен 70 мың жаңа фермерлік шаруашылық ашуды ынталандырамыз.

Біздің nurotan2021.kz сайтындағы сайлауалды бағдарламамызда жазылған осы және басқа да шаралар арнаулы техникаға деген сұранысты арттырып, отандық машина жасау саласын қажетті жұмыс көлемімен қамтамасыз етуі тиіс.

Мақсаты айқын, нақты істер партиясы – «Nur Otan»  партиясына дауыс беріңіздер!

#BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
164

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Жамбыл облысына ат басын тіреді.

Тұрғындар жастарға қолдау көрсету, денсаулық сақтау саласының сапасын көтеру, мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту секілді мәселелерді көтерді. Аталған ұсыныстардың барлығы біздің сайлауалды бағдарламаларымызда қамтылған. Олар праймериз барысында жұртшылықпен кеңінен талқыланған болатын.

Сонымен, өңірде 100-ден астам ауылды сапалы ауыз сумен, газбен және кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр. Сондай-ақ, 13 жаңа мектеп пен Оқушылар сарайын салу көзделуде.

«ҚТЖ» Локомотив депосы мен «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының ұжымымен кездесуде азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылады.

«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында 130 мың жұмыссыз адамды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге оқыту көзделген. Сонымен бірге 150 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылады.

Нақты Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібі саласында 19 инвестициялық жобаны іске асыру және 8 жаңа өндірісті іске қосу жоспарлануда. Соның нәтижесінде өңірде 5 жыл ішінде 84 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады.

Жалпы, ұлттық спорт түрлері тың қарқын алады. «Nur Otan» ат спортын және басқа да бағыттарды насихаттау мен дамытуға ықпал етеді.

Жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе артады. Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырып, жүргізгені үшін базалық еңбекақысына 100% мөлшерінде қосымша ақы көзделеді.

Әрбір ауылдық округте спорт инструкторы лауазымы енгізіледі. Барлық тірек ауылдарды қамти отырып, балалар-жасөспірімдер клубтарының саны мыңға дейін жеткізіледі.  Ересектер мен ерекше қажеттілігі бар балалардың спортпен шұғылдануларына жағдай жасалады.

Кездесу нәтижесінде қатысушылардың көпшілігі «Nur Otan»-ға қолдауын білдіріп, алдағы сайлауда біздің партиямызға дауыс беруге ниеттеніп отырғандарын жеткізді.

Бізбен бірге болыңыздар! Жеңімпаз болыңыздар! «Nur Otan»-ға дауыс беріңіздер!

0
0
178

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының V съезіне қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.

– Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.

– Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бес мыңға жуық маман даярланды. Мемлекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы жастар қанатының мүшелеріне пандемия кезіндегі қайырымдылық шараларына және волонтерлік қызметке белсене атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті жастар белсенділігі әрдайым саяси прогрестің қозғаушы күштерінің бірі болғанына назар аударды.

– Қазіргі кезде жігерлі әрі бастамашыл болудың маңызы ерекше. Өйткені біз тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп отырмыз. Көпшілікке таныс өмір салты артта қалғаны сөзсіз. Технологиялар мүмкіндіктеріміздің әлеуетін айтарлықтай арттыруда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы елді дамыту және Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту ісіне жастардың белсене атсалысуының маңызын атап өтті.

– Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек. Бүгін айтылғандардың бәрін менің өсиетім деп түсініңдер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

0
0
128