Мазмұнға өту

Жаңа

"Бөрлі" БПҰ мүшелерімен онлайн кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Жамалов Аманжан Макаримович пен Имашева Снежанна Валерьевна "Бөрлі" БПҰ мүшелерімен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында Сайлауалды бағдарламасына негізделген алдағы бес жылдықты қамтитын жоспарларына жекелей тоқталды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

@NurOtan,@JasOtan, @NurOtan_BQO, @JasOtan_nqo

0
0
187

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер кездесу жасады

Бүгін облыстық  Руслан Азаматов пен Исатай Сатимов және аудандық мәслихатқа үміткер Малика Махауова Бөрлі ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесу жасады.Алғаш сөз алған Исатай Сатимов Білім саласы бойынша партияның алға қойған жаңа технологияларды еңгізу, мектеп пен балабақшаларда бейне бақылауларды күшейтіп жарықтандыру, интернет желісінің толықтай қолжетімді болуын партия өз міндетіне алатындығын айта келіп, Бұл шаралар 150 мың оқушы мен 18 мың мұғалім үшін қолайлы болатынын жеткізді. «Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды. «Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй – коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдесетін болады. Жол сапасын жақсартамыз Жолдар - әр аймақ өмірінің негізгі артериялары. «Nur Otan» партиясының мақсаты – автомобиль жолдарының сапасын кезең-кезеңімен арттыру, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 2025 жылға қарай 31% - дан 50% - ға дейін жеткізетіндігін айтты.

Руслан Азаматов Елбасының бастамасымен өткен «Biz Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 8,2 мыңнан астам отбасыға азық-түлік жиынтықтырын жеткізді, 29,2 мың мұқтаж адамның әрқайсысына 50 мың теңгеден алды. Халық бірлігі мен қоғамдық келісім-Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. Бүгінде облыста 80 ұлттың өкілі тұрады, 53 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, олар бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосуда десе, Малика Махауова Әлемдік коронавирустық пандемия біздің еліміздегі экономикалық жағдайға кері әсер етті, сондықтан 2020 жылы мемлекет дағдарысқа қарсы шаралар әзірледі. - мәжбүрлі демалыстағы 522,2 мың қызметкерге 42,5 мың теңгеден төленді; - халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 40 мыңнан астам адам азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін төлемдер алды; - 4,2 аз қамтылған

отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген; 6 жасқа дейінгі 4,5 мың балаға кепілдендірілген әлеуметтік жиынтытар берілді. Осындай жасалған жағдайлардың басында жетекші партияның бастамашыл болып тұрғандығын айтып,алдағы сайлауда аталмыш партияға дауыс беруге шақырды.

#NUROTAN

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
220

Шет ауданы " Nur otan "партиясы сайлау алды штабының ұйымдастырумен

Шет  ауданы " Nur otan "партиясы сайлау алды  штабының ұйымдастырумен Ақсу-Аюлы ауылына ҚР мәжіліс депутаттығына үміткер Әлтай А.Д келді. Мойынты кенті халқымен зум форматында кездесу өткізді кездесу барысында өзінің бағдарламасымен таныстырды жәнеде халықтын қойылған  сұрақ жауабтарына толық жауаб бере отыра өзіне қойған мақсаттарын жүзеге асыратының толық сенімді түрде айтты

0
0
131

«Nur Otan» партиясынан ҚР Паламенті Мәжілісіне депутаттығына үміткер ретінде Келес ауданында болды

«Nur Otan» партиясынан ҚР Паламенті Мәжілісіне депутаттығына үміткер ретінде келісті Келес ауданында болып, аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу өткіздім.

Шара барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ауыл шаруашылығы саласында атқарылатын нақты жобалар мен жұмыстар туралы кеңінен түсіндірдім. Сонымен қатар, еліміздің бас партиясын қолдауға шақырдым.

Жиынға қатысушылар "Nur Otan" партиясына деген сенімдері өте жоғары екенін, әрқашан қолдау көрсететіндерін айтты.

#NurOtangaДауысБер

#NurOtan

#JasOtan

#BizBirgemiz

#Jenimpazbol

#біздіңкандидаттар

0
0
190

Қоғамдық қабылдау

21.12.20ж. "Nur Оtan" партиясы Атырау қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде мен қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдадым.

Қабылдау барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап бердім.

#JENIMPAZBOL

#NUROTAN

0
0
136

#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар@nurotanturkistan

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет құру" туралы бастамасы - елімізге оң өзгеріс алып келді. Оның ішінде еліміздің бас партиясы «Nur Otan» тұрғындардың талап-тілектеріне ұдайы назар аударып, мәселесі бар тұрғындарға тұрақты қабылдау өткізіп келеді.

Міне, партиямыздың бастамасымен Түркістан облысының мәслихат депутаттығына үміткер ретінде мен де аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдадым.

Қабылдауыма келгендердің басым бөлігі көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар екен. Солардың бірі - көп балалы ана Зухра Исмойлова. Жалдамалы пәтерде тұратын анаға ең бірінші жер және үй кезегіне тұру керектігі жөнінде кеңесімді айтып, мәселесін шешу үшін хаттама түздім. Алдағы уақытта тиісті сала мамандарымен жұмыс жүргізетін боламын.

0
0
185

Сала дамуына басымдық берілмек

Бүгін партияның сайлауалды бағдарламасын талқылау, көкейдегі сұрақтарға жауап беру мақсатында қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар онлайн режимде «Теміржол-Су» мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда қалалық филиалдың мәжіліс залына өткен кездесуге кандидаттар Гүлнар Жұмашева, Айгүл Мұсабаева, Жандос Базартай  және Ибраким Басықараев қатысты. Сондай-ақ, онлайн негізде үміткер Гүлшат Мұсаева да қатысты.

ZOOM платформасы арқылы өткен кездесуде әрбір үміткер сайлауалды бағдарламада Қызылорда қаласының дамуындағы жеті басымдықты көрсетіп, өз саласына тиісті тұстарына тоқталып, өңір экономикасының дамуын арттыратын жобалардың негізгі бағыттарын бірге талқылады.

Онлайн өткен жиын барысында біраз мәселелер сөз болды. Ана мен бала перинаталдық орталығы директорының орынбасары Гүлнар Жұмашева медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына, қаладағы тар шеңберлі мамандардың жетіспейтіндідігі туралы айтса, мектеп директоры Айгүл Мұсабаева білім сапасын арттыруға қатысты қойылған талаптарға тоқталып өтті.

«ҚТЖ»ҰК»АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев жол сапасын жақсартумен қоса жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы маңызы бар жолдардың үлесін арттыруда партияның алға қойған міндетерін атап айтса, «Қорқыт Ата» университетінің ұстазы, проректор Жандос Базартай бағдарламаның басым бағыттарында ғылымды дамытуға да зер салынғанын жеткізіп, елімізде аталмыш бағытты өркендету жолында жасалған қадамдарға тоқталды.

Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан әртүрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

#QyzylordaQalasy #NurOtanQyzylordaQalasy #NurOtanДауысБер

0
0
249

Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар жергілікті тұрғындармен сайлауалды кездесу өткізді

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауына орай бүгін Жәнібек ауылындағы аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар жергілікті тұрғындармен сайлауалды кездесу өткізді.

Кездесуге қатынасқан Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Біржан Қуаналиев, Берік Ихсанов және Тахир Кадимов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған басымдықтарды атап өтіп, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар, олар ел азаматтарының әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп, кездесуге қатынасқан сайлаушылардың сұрақтарына егжей-текжейлі жауап берді.

Бұдан басқа, партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдау жөніндегі штабтың мүшесі Бекет Әліпқалиев өткізілетін сайлаудың ерекшеліктерін түсіндіріп, ауыл тұрғындарына белсенділік танытып, сайлауға қатысу арқылы «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетуге үндеу жасады.

Өз кезегінде кездесуде сөз сөйлеген ауыл тұрғыны Абылай Амиров партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, ауыл тұрғындарын өз дауыстарын «Nur Otan» партиясына беруге шақырды. Сондай-ақ ол жастар мәселесіне тоқталып, ауыл шаруашылығына қажетті кадрларды дайындау бағытында М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің әлеуетін толық пайдалану қажеттілігі туралы өз пікірін білдірді.

Кездесу соңында қатысушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгт материалдары таратылды.

0
0
179

Сайлаушыларымен онлайн форматта кездесу өткізді.

Бүгін Жәнібек ауылында, аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидат Мизамбаев Нүртлек Жәнібек ауылы сайлаушыларымен онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл сайлаушылары өздерінің сұрақтарын қойып, сұрақтарға нақты жауап алды.Сонымен қатар, Мизамбаев Нүртлек тұрғындарды 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсене қатысып, еліміздің жетекші “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
178