Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер кездесу жасады

Бүгін облыстық Руслан Азаматов пен Исатай Сатимов және аудандық мәслихатқа үміткер Малика Махауова Бөрлі ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесу жасады.Алғаш сөз алған Исатай Сатимов Білім саласы бойынша партияның алға қойған жаңа технологияларды еңгізу, мектеп пен балабақшаларда бейне бақылауларды күшейтіп жарықтандыру, интернет желісінің толықтай қолжетімді болуын партия өз міндетіне алатындығын айта келіп, Бұл шаралар 150 мың оқушы мен 18 мың мұғалім үшін қолайлы болатынын жеткізді. «Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды. «Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй – коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдесетін болады. Жол сапасын жақсартамыз Жолдар - әр аймақ өмірінің негізгі артериялары. «Nur Otan» партиясының мақсаты – автомобиль жолдарының сапасын кезең-кезеңімен арттыру, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 2025 жылға қарай 31% - дан 50% - ға дейін жеткізетіндігін айтты.

Руслан Азаматов Елбасының бастамасымен өткен «Biz Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 8,2 мыңнан астам отбасыға азық-түлік жиынтықтырын жеткізді, 29,2 мың мұқтаж адамның әрқайсысына 50 мың теңгеден алды. Халық бірлігі мен қоғамдық келісім-Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. Бүгінде облыста 80 ұлттың өкілі тұрады, 53 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, олар бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосуда десе, Малика Махауова Әлемдік коронавирустық пандемия біздің еліміздегі экономикалық жағдайға кері әсер етті, сондықтан 2020 жылы мемлекет дағдарысқа қарсы шаралар әзірледі. - мәжбүрлі демалыстағы 522,2 мың қызметкерге 42,5 мың теңгеден төленді; - халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 40 мыңнан астам адам азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін төлемдер алды; - 4,2 аз қамтылған

отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген; 6 жасқа дейінгі 4,5 мың балаға кепілдендірілген әлеуметтік жиынтытар берілді. Осындай жасалған жағдайлардың басында жетекші партияның бастамашыл болып тұрғандығын айтып,алдағы сайлауда аталмыш партияға дауыс беруге шақырды.

#NUROTAN

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
177

Осы тақырып бойынша