Мазмұнға өту

Жаңа

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Кездесу барысында көптеген сұрақтар қаралды! Қазақстан Республикасының еліміздің азаматтары мен тұрғындарының алдындағы басты міндеттерінің бірі-халықтың әл-ауқатын нығайту, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту.  Әлеуметтік мәселелерді шешу дәстүрлі түрде мемлекеттің міндеті болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ осы басты қағиданы жіті назарда ұстап келеді.

Соңғы 10-15 жылда мемлекеттің адами капиталының даму дәрежесін көрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына ерекше мән беріліп, осы салаларға мемлекеттің жұмсап жатқан қаражат мөлшерінің артуы аталмыш бағытта атқарылып жатқан жұмыстың қаншалықты ауқымды екенін білдірсе керек.

Мемлекетіміздің жүргізіп отырған салиқалы саясатының нәтижесінде жыл өткен сайын республикамызда жеткен жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай, дегенмен әлеуметтік міндеттемелер де еселене түсуде.

Елдегі тұрақты даму мен халықтың хал-ауқатын қалыпты деңгейге жеткізудің стратегиялық факторының бірі – қазіргі заманғы өркениетті кәсіпкерлікті қалыптастыру. Қазақстанда экономиканы әртараптандырудың кілті-кәсіпкерлікті дамытуға айрықша маңыз беріліп отыр. Оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы –қоғам үшін маңызды.

Бүгінгі таңда кәсіпкерліктегі әйелдер үлесі шамамен 50% құрайды, ал  мемлекеттің жалпы ішкі өнімін құраудағы мөлшері 40%. 2018 жылғы статистикалық талдау бойынша Қазақстанда 1,2 млн жеке кәсіпкер болған, оның  560,9 мыңын әйелдер құрап отыр. Бүгінгі көрсеткіш 9,8 мыңды құрайды.

Соңғы бір жылда әйелдердің басшылығымен тіркелген жеке кәсіпкерлік саны 1,1%-ға, яғни 6,3 мыңға артқан. Арулардың атына тіркелген жеке кәсіпкерліктің 78,2%-ы немесе 438,5 мыңы нақты жұмыс істеп тұр.

Әсіресе, әйелдер білім саласында жеке кәсіпкерлік ашуға әуес екен. Бүгінде нақты жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерліктің 73,5%-ы осы салаға тиесілі. Одан кейінгі орында мемлекеттік басқару және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салалары тұр. Олардың үлесі-69,2%. Үштікті жылжымайтын мүліктерге қатысты қызметтер саласы түйіндеген (64,5%).

Жалпы айтар болсақ, қазақстандық әйелдердің кәсіпкерлік және бизнес саласында осыншалықты нәтижеге Елбасы жүргізіп отырған саясат және Н.Назарбаев төрағалық етіп отырған «Nur Otan» партиясының бағдарламалары мен мемлекеттік қолдаудың арқасында жетіп отырғаны айқын.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қорының бағдарламалары көптеген жаңа шағын және орта бизнестің ашылуына ұйытқы болғаны рас.

Әйел қауымының бүгінгі таңда кәсіпкерлікке белсене ат салысуының тағы бір негізгі себебі мемлекеттің кәсіпкерлерге мейлінше көңіл бөліп отырғандығында болса керек. Оларға көрсетілетін көмек шаралары да жеткілікті.

Бүгінгі таңға дейін мемлекет тарапынан кәсіпкер әйелдерге ақпараттық қамтамасыз ету, микронесиелеу, сервистік қолдау көрсету, «Бизнес-мектеп» қызметі білім жетілдіру және жаңа мамандықтар иелену және тағы басқа қызметтер мен қолдаулар көрсетілуде.

Оған қоса, статистика бойынша әйел кәсіпкерлер қаржылық, несиелік және салықтық төлеу тәртібі бойынша жауапкершілігі жоғары екенін көрсетуде. Өйткені, әйелдер жаратылысынан барынша жауапты, жинақы, тәртіпшіл. Олар - тым пысық қауым, соның арқасында кез-келген жұмысты аяғына дейін жеткізе алады. Төзім мен шыдам әйел табиғатына тән нәрсе. Мұның барлығы - адам баласы үшін де, қоғам үшін де өте маңызды қасиеттер. Әрине қай салада болмасын ер азаматтарға қарағанда әйелдер ұжымдағы жағдайды жақсы түсіне алады - ол құпия емес. Қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынасқа да олар мұқият қарайды.

Мұның бәрі әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігінің маңызды әлеуетін сипаттайды. Әйелдер кәсіпкерлігінің бұрыннан әйелдер қызмет етіп келе жатқан, өздеріне ыңғайлы салаларда дамуы байқалады. Ол салалар қатарында тұрмыстық қызмет көрсетулер, қоғамдық тамақтану, сауда, білім беру, әлеуметтік көмек көрсету, денсаулық сақтау, қонақ үй шаруашылығы және басқалар бар. Ал әйелдер тарапынан аз игерілген салалар құрылыс, транспорт, шикізат өнеркәсібі болып табылады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті өз әуелетін пайдалана отырып өңірдегі әйел-кәсіпкерлердің технологиялық, инновациялық, ғылыми салада белсенділік танытуына қолдау көрсете алады деп ойлаймын деп кездесуі аяқталды.

0
0
369

Ақтөбеде 48 шақырым автомобиль жолы салынады

Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Алтынай Мұқанова, Мұратбай Әжібаев, Аслан Мұсаев қала тұрғындарына онлайн форматта қабылдау өткізді. Олар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, қала тұрғындарын алдағы сайлауға шақырды.

Тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарға кандидаттар түбегейлі жауап берді. Қоғамдық қабылдауда жол, жарық, автобус мәселелері көтеріліп, алдағы уақытта барлығының реттелетінін жеткізді.

- Тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарға қашан да жауап беруге дайынбыз. Қаламыздың әр азаматының жеке ойы біздер үшін маңызды. Барлықтарыңыздың мәселелеріңіз бірдей. Көбісі қоғамдық көліктің аялдамаға уақытында келмейтінін айтады. Осы мәселені реттеп беруді сұрайсыздар. Әрине, қолымыздан келсе қашан да көмектесеміз. Алдағы жылдың 10-қаңтар күні партия сайлауы болады. Сол сайлауда «» партиясын қолдайық. Сіздердің айтқан мәселе төңірегінде жұмыстар жасалып жатыр. Бұл мәселелер бағдарламаға да еңгізілді. Барлығының шешімі болады. Тіпті аула ішіндегі жолдарды асфальттау және жарықтандыруды орнату мәселері де бар,-деді Алтынай Мұханова.

Ал қалалық мәслихат депуттағына үміткер Мұратбай Әжібаев қаладағы жол сапасының жақсаратынын айтты.

- Жол - бұл әр аймақтың өмірінің басты артериясы. Қаланың жалпы

ұзындығы 651 км автомобиль жолдары көліктің экономикалық тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді. 2025 жылға дейін 48 шақырым жаңа автомобиль жолдарын салуға қол жеткіземіз. Оның ішінде 2021 жылы «Нұр-Ақтөбе» ш.а. - 5,7 ш. және «Батыс-2» ш.а.– 5,4 ш. жолдарының құрылысы аяқталады. 2021-2023 жылы «Ақтөбе қаласының Батыс айналма жолы» -10,5 ш. салынып болады. 2021-2022 жылдары Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік көшесіндегі 3 км автомобиль жолын қайта құрамыз. 2021-2022 жылдары Ақтөбе-Орск автомобиль жолының 8 км қайта жаңартылады. 2021-2022 жылдары «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» 13,8 км автомобиль жолын қайта жаңартуды қамтамасыз етеді. Әрине, осының барлығы «Nur Otan» партиясының қкалалық бағдарламасы аясында жоспар. Жыл сайын кемінде 10 автобус аялдамасы орнатылады. 2021 жылы барлық автобустарда бейнекамералар, валидаторлар, дауыс зорайтқыш құрылғыларды орнату үшін қызметкерлер үшін бірыңғай нысандар еңгізеледі. Осыдан кейін автобустағы ұрлықтың саны да азаяды деген сенім бар,-деді ол.

Айта кетейік, қала тұрғындарының наразылығын тудырған маршруттық бағыттар жыл сайын жанданатын болады. Сонымен қатар жаяу және велосипед жолдарын кезең-кезеңмен жабдықтайды.

0
0
204

Денсаулық сақтау қызметкерлерімен үгіт-насихат кездесуі өтті.

✅ жедел жәрдем станциясына күрделі жөндеу жүргізіледі;

✅ медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады

✅ 1000 орындық замауи импорттық жабдықпен жарақтандырылған көп салалы аурухана пайдалануға беріледі;

✅ 10 медициналық мекеме салынады;

✅ 12 дәрігерлік амбулатория салынады;

✅ №2 аурухана, қалалық перзентхана, "Ана мен бала" орталығы және №1 емхана жөндеуден өтеді;

✅ жыл сайын әлемнің жетекші мамандарымен шеберлік сыныптары өткізіледі;

Медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған бағдарламаның басқа да көптеген тармақтары.

Медициналық қызметкерлер партия бағдарламасын жылы қабылдады, және өздерінің проблемалық мәселелерімен бөлісті. Негізінен бұл-медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру, ауруханаларда медициналық жабдықтарды уақтылы жаңарту, сертификаттар алу мәселелері. Барлық сұрақтар тыңдалды және міндетті түрде өз шешімін табады.

0
0
189

Сайлауалды үгіт —насихат жұмыстары жалғасуда

Сайлауалды үгіт —насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін Қиғаш ауылында орналасқан азық—түлік дүкендерінде болып,«Канвассинг» аясында сайлауалды бағдарламаны таныстырып, түсінік жұмысын жүргіздім. Партияның жақсы нәтижелері туралы ойларын айта отырып, сенімдерін білдірді.

« Nur Otan» партиясының әрбір бастамасының нәтижесіне куә болып отырған барша ауылдастар, Сіздерді,  «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырамын.

#«Nur Otan» партиясына дауыс бер!

0
0
189

"Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын

Мен, Хасанова Жамал  Адебиетқызы. Құрманғазы  ауданының   Ю.А.Гагарин  атындағы   жалпы  орта  мектебінің   директорымын. Атырау  облысы, Құрманғазы ауылының   азаматшасымын.

Білімім  жоғары. Мамандығым  - қазақ тілі мен  әдебиеті  пән  мұғалімімін. Ауданымыздың  білім  саласында   29 жыл  еңбек  еттім.  Еңбек  жолымды  қарапайым  ұстаз   ретінде  1991 жылы  еліміз  Тәуелсіздік  алған  тұста   бастадым. Еңбегімнің  нәтижесінде   мұғалім, мектеп  директорының  тәрбие   орынбасары,  мектеп  директорының  оқу-ісі  жөніндегі  орынбасары, әдіскер,  мектеп  директорына  дейіңгі  сатылардың бәрінен   өттім. 7 жыл  аудандық  білім  бөлімінің  кәсіподақ комитетінің  төрайымы, 4 жыл  аудандық  әйелдер  істері  жөніндегі   комиссия  мүшесі  ретінде   аудан  тұрғындарының  көптеген  өтініш-шағымдарымен  пікірлерін   тыңдадым.  Қазіргі  директорлық   қызметімде   де  жинаған  тәжірибе  негізіде,  тек  педагогтардың  емес, ауыл  тұрғындары,  ата-аналарымның  да мұң-мұқтаждарын  түсініп, шешуге  жұмыстанып  жүремін. Бар  іс - тәжірибем мен  білім, білік дағдыларын да  ел  игілігіне  жұмсау  мақсатында   аудандық  маслихат  депутаты  болу  үшін  сайлауға  түсіп  бағымды  сынаудамын.

Барша  Құрманғазылық  жерлестерімді  2021 жылы 10 қаңтарда  өтетін  сайлауға   белсенді  қатысып, "Nur Otan" партиясына  дауыс  беруге  шақырамын.

0
0
259

“Есіктен есікке” акциясы өтті.

Ондағы мақсат – қала тұрғынына  «Nur Otan»  партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі көзделген мақсаттарды атап өтіп, 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Тұрғындарға партияның үгіт насихаттық парақшалары таратылып, қала тұрғындарының  талап тілектерін тыңдады.

0
0
211

Nur Otan Атырауда: Ластаушы қалдықтар көлемін 12%-ке төмендетеміз

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшыларымен кездесу барысында экология, жұмыспен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту және т.б. мәселелер талқыланды.

Партия алдағы 5 жылда өңірде кемінде 100 мың жұмыс орнын ашуға, 10 жаңа денсаулық сақтау нысанын, 11 мектеп пен 56 балабақша салуға уәде береді. Сондай-ақ, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 7 мың пәтер берілмек, ол үшін шамамен 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Өңір тұрғындары үшін тағы бір маңызды мәселе – экология. Бұл ретте «Nur Otan» ластаушы шығарындылар көлемін 12%-ке төмендету үшін бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғырту міндетін қойып отыр.

Бұдан соң сайлауалды штаб мүшелері қоғамдық ұйым өкілдерімен, паралимпиадалықтармен және басқа да ерекше қажеттілігі бар белсенді азаматтармен кездесті.

«Өздеріңіз білетіндей, Елбасы партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» партиясы 2014 жылдан бері «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырып келеді. Осы жобаның арқасында ерекше қажеттілігі бар 40 мың азамат жұмысқа орналасып, 24 мыңнан астам нысан қайта бейімделді, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдаудың 43 бөлмесі ашылды. Таяудағы 5 жылда ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін тағы 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу жұмыстары жалғасын табады», - деп атап өтті Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, қоғамда ынтымақтастық ахуал қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасады. Жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі орталықтар ашу жоспарлануда. Жұмысқа орналастыру квотасын орындамайтын жұмыс берушілер үшін өтемақы төлемдері енгізіледі, ол ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құруға бағытталады.

Тұрақты күтімді қажет ететін және жеке көмекшінің қызметін пайдаланбайтын барлық бірінші топтағы мүгедек азаматтарға қосымша әлеуметтік жәрдемақы ұсынылады. Бұл ретте 2025 жылға қарай мүгедектігі бар мұқтаж азаматтар 100% техникалық құралдармен және оңалту қызметімен қамтамасыз етіледі.

«Барша балаға – тең мүмкіндік» қағидатын іске асыра отырып, біздің партия барлық колледж бен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ 70% мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім берудің енгізілуін қамтамасыз етеді. Оңалту орталықтарының саны артып, ерекше қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық және коррекциялық қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыс енгізіледі. Асыраушысынан айрылған балалар бір мезгілде мүгедектігі және асыраушысынан айрылуы бойынша 2 жәрдемақы алады», - деді ол.

Билеуші партияның жоспарында зағип және көру қабілеті нашар жандар үшін кітапхана қорын кеңейту, оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттерді көбейту, ымдау тілін онлайн-аудару бойынша арнайы бағдарламаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету де бар.

Осы күні нұротандықтар тағы да бірқатар кездесулер өткізді, оның ішінде «Atyrau-Avtopark» автобус паркінің жүргізушілерімен жүздесті. Өзекті тақырыптар бойынша емін-еркін сұхбат құрып, «Nur Otan»-ның өңір мен қалада өмір сапасын жақсарту жөніндегі бастамалары туралы әңгіме өрбіді.

#NurOtan #BizBirgemiz #JeńimpazBol

https://www.facebook.com/nurotan.kz/posts/3617420885021682

0
0
275