Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын

Мен, Хасанова Жамал Адебиетқызы. Құрманғазы ауданының Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің директорымын. Атырау облысы, Құрманғазы ауылының азаматшасымын.

Білімім жоғары. Мамандығым - қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімімін. Ауданымыздың білім саласында 29 жыл еңбек еттім. Еңбек жолымды қарапайым ұстаз ретінде 1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алған тұста бастадым. Еңбегімнің нәтижесінде мұғалім, мектеп директорының тәрбие орынбасары, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, әдіскер, мектеп директорына дейіңгі сатылардың бәрінен өттім. 7 жыл аудандық білім бөлімінің кәсіподақ комитетінің төрайымы, 4 жыл аудандық әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі ретінде аудан тұрғындарының көптеген өтініш-шағымдарымен пікірлерін тыңдадым. Қазіргі директорлық қызметімде де жинаған тәжірибе негізіде, тек педагогтардың емес, ауыл тұрғындары, ата-аналарымның да мұң-мұқтаждарын түсініп, шешуге жұмыстанып жүремін. Бар іс - тәжірибем мен білім, білік дағдыларын да ел игілігіне жұмсау мақсатында аудандық маслихат депутаты болу үшін сайлауға түсіп бағымды сынаудамын.

Барша Құрманғазылық жерлестерімді 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын.

0
0
220

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын - Yvision.kz