Ақтөбеде 48 шақырым автомобиль жолы салынады
Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Алтынай Мұқанова, Мұратбай Әжібаев, Аслан Мұсаев қала тұрғындарына онлайн форматта қабылдау өткізді. Олар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, қала тұрғындарын алдағы сайлауға шақырды.
Тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарға кандидаттар түбегейлі жауап берді. Қоғамдық қабылдауда жол, жарық, автобус мәселелері көтеріліп, алдағы уақытта барлығының реттелетінін жеткізді.
- Тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарға қашан да жауап беруге дайынбыз. Қаламыздың әр азаматының жеке ойы біздер үшін маңызды. Барлықтарыңыздың мәселелеріңіз бірдей. Көбісі қоғамдық көліктің аялдамаға уақытында келмейтінін айтады. Осы мәселені реттеп беруді сұрайсыздар. Әрине, қолымыздан келсе қашан да көмектесеміз. Алдағы жылдың 10-қаңтар күні партия сайлауы болады. Сол сайлауда «» партиясын қолдайық. Сіздердің айтқан мәселе төңірегінде жұмыстар жасалып жатыр. Бұл мәселелер бағдарламаға да еңгізілді. Барлығының шешімі болады. Тіпті аула ішіндегі жолдарды асфальттау және жарықтандыруды орнату мәселері де бар,-деді Алтынай Мұханова.
Ал қалалық мәслихат депуттағына үміткер Мұратбай Әжібаев қаладағы жол сапасының жақсаратынын айтты.
- Жол - бұл әр аймақтың өмірінің басты артериясы. Қаланың жалпы
ұзындығы 651 км автомобиль жолдары көліктің экономикалық тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді. 2025 жылға дейін 48 шақырым жаңа автомобиль жолдарын салуға қол жеткіземіз. Оның ішінде 2021 жылы «Нұр-Ақтөбе» ш.а. - 5,7 ш. және «Батыс-2» ш.а.– 5,4 ш. жолдарының құрылысы аяқталады. 2021-2023 жылы «Ақтөбе қаласының Батыс айналма жолы» -10,5 ш. салынып болады. 2021-2022 жылдары Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік көшесіндегі 3 км автомобиль жолын қайта құрамыз. 2021-2022 жылдары Ақтөбе-Орск автомобиль жолының 8 км қайта жаңартылады. 2021-2022 жылдары «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» 13,8 км автомобиль жолын қайта жаңартуды қамтамасыз етеді. Әрине, осының барлығы «Nur Otan» партиясының қкалалық бағдарламасы аясында жоспар. Жыл сайын кемінде 10 автобус аялдамасы орнатылады. 2021 жылы барлық автобустарда бейнекамералар, валидаторлар, дауыс зорайтқыш құрылғыларды орнату үшін қызметкерлер үшін бірыңғай нысандар еңгізеледі. Осыдан кейін автобустағы ұрлықтың саны да азаяды деген сенім бар,-деді ол.
Айта кетейік, қала тұрғындарының наразылығын тудырған маршруттық бағыттар жыл сайын жанданатын болады. Сонымен қатар жаяу және велосипед жолдарын кезең-кезеңмен жабдықтайды.
