Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Кездесу барысында көптеген сұрақтар қаралды! Қазақстан Республикасының еліміздің азаматтары мен тұрғындарының алдындағы басты міндеттерінің бірі-халықтың әл-ауқатын нығайту, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту. Әлеуметтік мәселелерді шешу дәстүрлі түрде мемлекеттің міндеті болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ осы басты қағиданы жіті назарда ұстап келеді.

Соңғы 10-15 жылда мемлекеттің адами капиталының даму дәрежесін көрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына ерекше мән беріліп, осы салаларға мемлекеттің жұмсап жатқан қаражат мөлшерінің артуы аталмыш бағытта атқарылып жатқан жұмыстың қаншалықты ауқымды екенін білдірсе керек.

Мемлекетіміздің жүргізіп отырған салиқалы саясатының нәтижесінде жыл өткен сайын республикамызда жеткен жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай, дегенмен әлеуметтік міндеттемелер де еселене түсуде.

Елдегі тұрақты даму мен халықтың хал-ауқатын қалыпты деңгейге жеткізудің стратегиялық факторының бірі – қазіргі заманғы өркениетті кәсіпкерлікті қалыптастыру. Қазақстанда экономиканы әртараптандырудың кілті-кәсіпкерлікті дамытуға айрықша маңыз беріліп отыр. Оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы –қоғам үшін маңызды.

Бүгінгі таңда кәсіпкерліктегі әйелдер үлесі шамамен 50% құрайды, ал мемлекеттің жалпы ішкі өнімін құраудағы мөлшері 40%. 2018 жылғы статистикалық талдау бойынша Қазақстанда 1,2 млн жеке кәсіпкер болған, оның 560,9 мыңын әйелдер құрап отыр. Бүгінгі көрсеткіш 9,8 мыңды құрайды.

Соңғы бір жылда әйелдердің басшылығымен тіркелген жеке кәсіпкерлік саны 1,1%-ға, яғни 6,3 мыңға артқан. Арулардың атына тіркелген жеке кәсіпкерліктің 78,2%-ы немесе 438,5 мыңы нақты жұмыс істеп тұр.

Әсіресе, әйелдер білім саласында жеке кәсіпкерлік ашуға әуес екен. Бүгінде нақты жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерліктің 73,5%-ы осы салаға тиесілі. Одан кейінгі орында мемлекеттік басқару және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салалары тұр. Олардың үлесі-69,2%. Үштікті жылжымайтын мүліктерге қатысты қызметтер саласы түйіндеген (64,5%).

Жалпы айтар болсақ, қазақстандық әйелдердің кәсіпкерлік және бизнес саласында осыншалықты нәтижеге Елбасы жүргізіп отырған саясат және Н.Назарбаев төрағалық етіп отырған «Nur Otan» партиясының бағдарламалары мен мемлекеттік қолдаудың арқасында жетіп отырғаны айқын.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қорының бағдарламалары көптеген жаңа шағын және орта бизнестің ашылуына ұйытқы болғаны рас.

Әйел қауымының бүгінгі таңда кәсіпкерлікке белсене ат салысуының тағы бір негізгі себебі мемлекеттің кәсіпкерлерге мейлінше көңіл бөліп отырғандығында болса керек. Оларға көрсетілетін көмек шаралары да жеткілікті.

Бүгінгі таңға дейін мемлекет тарапынан кәсіпкер әйелдерге ақпараттық қамтамасыз ету, микронесиелеу, сервистік қолдау көрсету, «Бизнес-мектеп» қызметі білім жетілдіру және жаңа мамандықтар иелену және тағы басқа қызметтер мен қолдаулар көрсетілуде.

Оған қоса, статистика бойынша әйел кәсіпкерлер қаржылық, несиелік және салықтық төлеу тәртібі бойынша жауапкершілігі жоғары екенін көрсетуде. Өйткені, әйелдер жаратылысынан барынша жауапты, жинақы, тәртіпшіл. Олар - тым пысық қауым, соның арқасында кез-келген жұмысты аяғына дейін жеткізе алады. Төзім мен шыдам әйел табиғатына тән нәрсе. Мұның барлығы - адам баласы үшін де, қоғам үшін де өте маңызды қасиеттер. Әрине қай салада болмасын ер азаматтарға қарағанда әйелдер ұжымдағы жағдайды жақсы түсіне алады - ол құпия емес. Қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынасқа да олар мұқият қарайды.

Мұның бәрі әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігінің маңызды әлеуетін сипаттайды. Әйелдер кәсіпкерлігінің бұрыннан әйелдер қызмет етіп келе жатқан, өздеріне ыңғайлы салаларда дамуы байқалады. Ол салалар қатарында тұрмыстық қызмет көрсетулер, қоғамдық тамақтану, сауда, білім беру, әлеуметтік көмек көрсету, денсаулық сақтау, қонақ үй шаруашылығы және басқалар бар. Ал әйелдер тарапынан аз игерілген салалар құрылыс, транспорт, шикізат өнеркәсібі болып табылады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті өз әуелетін пайдалана отырып өңірдегі әйел-кәсіпкерлердің технологиялық, инновациялық, ғылыми салада белсенділік танытуына қолдау көрсете алады деп ойлаймын деп кездесуі аяқталды.

0
0
323

Осы тақырып бойынша

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы - Yvision.kz