«Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штаб аппарат төрағасының орынбасары С.Дүйсебаев, аудандық штаб төрағасы, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансейтов және аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер "Ленгер су" еңбек ұжымымен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында жиын өтті.
Жиында белгілі болғандай Қазіргі таңда Төлеби ауданында 55 елді мекеннің 54 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етілген (96,4%, яғни 109430 адам). Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 929,9 шақырым (тозуы 399,8 ш.қ. немесе 43 %).
2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы бүгінгі таңда ауыз су жүйесімен қамтылмаған: Жаңакүш елді мекенінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысын жүргізуге; тозығы жеткен 22 елді мекеннің ауыз су құбыры құрылыстарын қайта жаңартуға (Зертас, Керегетас, Жаңажол, Нысанбек, Бейнеткеш, Алатау а/о Көктерек су тазалау, Диханкөл, Ынтымақ, Екпінді, Қосағаш, Қорған, Шұбарағаш, Жаңатұрмыс, Біркөлік, Аққұм, Жоғарғы Қасқасу, Ақбастау, Ұйымшыл, Абай, Әңгірата, Ұзынарық, Алшалы) ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.
Үміткерлер "Ленгер су" ұжымымен кездесіп қана қоймай, «ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ» партияның сайлауалды бағдарламасындағы бағыты бойынша сөз етті. Алдағы 5 жылда партияның сайлауалды бағдарламасында, "Жайлы аудан" бағытында ауданда атқарылатын шаруаларға тоқталды. Сонымен қатар сайлаушыларды 10 қаңтарда «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.
Аққұм ауылдық округі Жаңаұйым ауылында желілік кесте бойынша "Есіктен есікке" акциясы жалғасын тапты. Жергілікті тұрғындар "Nur Otan" nартиясының сайлауалды бағдарламасымен танысып, қолдайтындықтарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Катаев Әлібек Жолымбекұлы қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың көкейіндегі түрлі сұрақтарға заң аясында түсініктеме берілді. Аудан тұрғындарын 2021 жылы 10-қаңтар күні болатын ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына қатысуға шақырды. Қабылдауға 2 азамат өтініш білдірдіп, 2 өтініш білдірген азаматардың мәселелері бойынша ҚР заңдылықтарына сәйкес түсініктемелер берілді.
«Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар "Пугачев" БПҰ мүшелерімен онлайн кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кенттегі пария мүшелеріне алдағы атқарылатын жұмыс бағыттарын таныстырылды. Бағдарламада тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау бойынша жоспарланған шаралар ескерілгені де атап өтілді.
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ғ.Елшібаев және А.Амиралиев, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Турдалиев, М.Ермаханбетова, Е.Бектұрғанов, Н.Амангельдиева, Д.Қуашбай өңірдің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша мүмкіндігі шектеулі жандармен аудандық штабта кездесіп, жиын өткізді. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта жағдай жасалғандығын айтып, сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесін талқылады.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауды мемлекет басшысының өзі басты назарға алғаны белгілі. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық оңтайлы жағдай жасалуы — қашанда партия назарында. Осы басқосуда мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдемақы, дәрі-дәрмек, емдеу-оңалту шараларына көңілдері толатынын, дегенмен Төлеби аудан орталығында бірқатар мекеме мен сауда-саттық орындарында пандустардың жоқтығы, бар болған күннің өзінде сапасы сын көтермейтінін, сонымен қатар қоғамдық автобусты жиі-жиі жүргізсе, бірінші мөлтекауданда сөйлейтін дыбысты бағдаршам болса, инватакси қызметін арттырса,-- деп осы мәселелерді шешіп беруін айтты. Кандидаттар көтерілген мәселенің өз шешімін табатынын жеткізді.
Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтсақ оларды қолдау үшін 2025 жылға 150 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға ықпал етеді.
Мен, аудандық депутаттыққа үміткер Гульбаршын Кенжегалиева Балқұдық ауылдық тұрғындарымен қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы онлайн жүздесу өткіздім. Жүздесу барысында "Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға дейінгі 7 нақты міндеттер қамтылған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ортақ мақсатымыз-әр тұрғынның өмір сүру деңгейінің артуы екенін және "Nur Otan" партиясы нақты мәселелерді шешіп, барлық азаматтардың сенімін бағалап, бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімділігімді білдіріп, аудандық мәслихат сайлауында "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырдым.