"Ленгер су" еңбек ұжымымен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында жиын
Бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штаб аппарат төрағасының орынбасары С.Дүйсебаев, аудандық штаб төрағасы, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансейтов және аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер "Ленгер су" еңбек ұжымымен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында жиын өтті.

Жиында белгілі болғандай Қазіргі таңда Төлеби ауданында 55 елді мекеннің 54 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етілген (96,4%, яғни 109430 адам). Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 929,9 шақырым (тозуы 399,8 ш.қ. немесе 43 %).
2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы бүгінгі таңда ауыз су жүйесімен қамтылмаған: Жаңакүш елді мекенінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысын жүргізуге; тозығы жеткен 22 елді мекеннің ауыз су құбыры құрылыстарын қайта жаңартуға (Зертас, Керегетас, Жаңажол, Нысанбек, Бейнеткеш, Алатау а/о Көктерек су тазалау, Диханкөл, Ынтымақ, Екпінді, Қосағаш, Қорған, Шұбарағаш, Жаңатұрмыс, Біркөлік, Аққұм, Жоғарғы Қасқасу, Ақбастау, Ұйымшыл, Абай, Әңгірата, Ұзынарық, Алшалы) ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.
Үміткерлер "Ленгер су" ұжымымен кездесіп қана қоймай, «ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ» партияның сайлауалды бағдарламасындағы бағыты бойынша сөз етті. Алдағы 5 жылда партияның сайлауалды бағдарламасында, "Жайлы аудан" бағытында ауданда атқарылатын шаруаларға тоқталды. Сонымен қатар сайлаушыларды 10 қаңтарда «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.
